Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары20.09.2022

Тоқаев: Желдің, күннің сапасы мен жердің қолжетімділігі Қазақстанды ЖЭК бойынша көшбасшы ете алады

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі ірі америкалық компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Нью-Йоркке сапары жаһандық қаржы институттарының, соның ішінде Citi, Goldman Sachs, NASDAQ, Auerbach Grayson & Company LLP, Franklin Templeton, Brightlight Capital, AllianceBernstein, Jefferies Financial Group, Luxor Capital Group, Paine Schwartz Partners LLC, New Silk Road Forum, Robotti & Company Advisors, TPG Capital, Grupo Los Grobo тәрізді компаниялардың басшыларымен жұмыс таңғы ас форматындағы кездесуден басталды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік, ақпараттық технологиялар, білім беру және басқа да салалардағы америкалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақ-американ инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Президент еліміздің энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, «жасыл» экономика салаларындағы зор әлеуетіне назар аударды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында жасалған жағдайларды атап өтті. 

«2030 жылға қарай біз энергетикалық теңгерімдегі ЖЭК үлесін қазіргі 4-тен 15%-ға дейін арттыруда серпіліс жасауға ниеттіміз. Желдің, күннің сапасы және жердің қолжетімділігі бізді осы салада көшбасшы ете алады. Климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесімізді қосудамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін