Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары30.09.2022

Қазақстанда жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру бойынша конкурс жарияланды

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру жасады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі  – ҚР ҒЖБМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 3 қазан. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 31 қазан (қоса алғанда).

 

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс