Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары28.11.2022

«Aspan Energo» Қостанай облысында қуаты 50 МВт ЖЭС салады

QAZAQ GREEN. 2022 жылғы 28 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Қостанай облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,97 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаттылығы 50 МВт, 12,97 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Aspan Energo» ЖШС (Қазақстан) болып анықталды.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Еуропалық қайта құру және даму банкі, USAID агенттігі, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

 

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін