Қазақстан жаңалықтары27.12.2022
Қазақстанда коммуналдық тариф өседі

QAZAQ GREEN. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы коммуналдық тарифтер өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрлен елімізде желілердің тозуы көрсеткішіне қарай тарифтер қалай өзгеретінін сұрады.
«Келесі жылда, яғни екінші жартыжылдықтан бастап тиісті өзгерістер болады. Себебі субъектілерге, содан кейін мемлекеттік меншікте болатын субъектілерге өз жұмысын жаңғыртып, желілерді жаңарту керек. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Осы орайда жүргізілген есептеулар аясында желілердің тозу көрсеткішін 15-20 пайызға төмендетеміз. Тариф көтеріледі, басқа жол жоқ. Ең күрделі нысандарды қараймыз. Олар жан-жақты зерттеледі. Оған байланысты тиісті тарифті көтеру мәселесі қаралады», - деді Ә. Қуантыров.
Оның сөзіне қарағанда, аталған зерттеулер аясында тарифтердің көлемі нақтыланады.
«Мысалы, Екібастұзда субъекті тарифті 2,5 есе көтеруге ұсыныс берді. Әрине, осындай деңгейде көтеру мүмкін емес. Сондықтан оны әлі де талқылаймыз», - деді ведомство басшысы.
Бұл тұрғыда министр тариф көтеру аясында тұрғындардың жағдайы назарға алынатынын, халыққа елеулі ауыртпалық түсірмеу мәселесі егжей-тегжейлі қаралатынын айтты.
Айта кетейік, бүгін Сенатта қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Құжатта инвестицияларды ұлғайту және коммуналдық желілердің тозуын азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу мақсатында заңда бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту тұрғысында қосымша негізді көздейтін түзетулер ұсынылды.
Әлібек Қуантыров бұл норма қабылданса, кәсіпорындар тарифті өз еркіне қарай көтере алмайтынын түсіндірді.
«Бұл ретте тиісті шектеулер болады. Әр субъект пен өңір бойынша тарифтерді көтеру туралы ұсыныстарын егжей-тегжейлі қараймыз. Атап айтқанда, біздің ведомствода, одан кейін қоғам талқылауында болады», - деді министр.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты