Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары15.01.2023

Әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтеріледі – Қазақстан президенті

QAZAQ GREEN.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты. Бұл жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті, дем мэлімдеді Ақорда баспасөз қызметі.

Президент әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өзара диалог пен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддені іздеу арқылы туындаған проблемаларды шешуге ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды міндетке назар аударды. Атап айтқанда, Президент барлық елді Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Оның пікірінше, ОДМ-ды жүзеге асыру ісі жекелеген мемлекеттер деңгейінде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де бірлескен күш-жігерді талап етеді.

«Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз. Мұндай орталық БҰҰ-ның өңірдегі жобалық қызметін барынша тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Мемлекет басшысы әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтерілетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының бес елінде қатты қуаңшылық болды. Оның пікірінше, климаттың өзгеруі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді қажет етеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты.

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты