Қазақстан жаңалықтары26.01.2023
«ҚазМұнайГаз» және ENI Маңғыстау облысында гибридті электр стансасын салады

QAZAQ GREEN. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қаңтардың 25-і Астана қаласында Eni S.p.A. (ENI) мұнай-газ компаниясының табиғи ресурстар бөлімінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти бастаған италиялық делегациямен кездесті.
ҚМГ мен ENI екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері (күн+жел) және газбен (электрмен қамтуды тұрақтандыру және газ ресурсын үнемдеу үшін маневрлік қуат ретінде) жұмыс істейтін, қуаты 120 МВт гибридті электр стансасын салу жобасын бірлесіп іске асыруға келісті.
«Бұл жоба — қос компанияның бірлескен табысты жұмысының нәтижесі және Мемлекет басшысының «жасыл» жобаларды дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмасын іске асыру жолындағы қадам. Бастама өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, инвестицияның келуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді», — деді өз сөзінде Мағзұм Мырзағалиев.
Сонымен қатар келіссөз кезінде электр энергиясын мақсатты нысандар үшін (атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» және Қазақ газ өңдеу зауытының нысандары қаралуда) өндіру мен жеткізу өндірісте жиі болатын электр энергиясының іркілісі салдарынан апаттық тоқтап қалу қауіпін жоюға мүмкіндік беретіні айтылды.
Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2025 жылдар (жоспар бойынша күн генерациясының блогы 2024 жылы, ал жел мен газ блогы 2025 жылы іске қосылады, болжаммен бюджет мөлшері шамамен 300 млн АҚШ доллары).
Гибридті электр стансаны салу жөніндегі келісім — бұл ҚМГ мен ENI компанияларының 2021 жылдың шілдесінде қол қойылған электр энергиясын өндіру және өткізу үшін энергетикалық ауысу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы жұмысының жалғасы.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты