Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары26.01.2023

Францияның EDF компаниясы Қазақстандағы бірінші АЭС-на EPR-1200 реакторын ұсынды

QAZAQ GREEN.  2023 жылғы 26 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Францияның Électricité de France (EDF) компаниясының жаңа халықаралық атом жобаларын дамыту жөніндегі аға вице-президенті Вакис Раманимен кездесуі өтті, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар түйінді мәселелер, оның ішінде француздық тарап ұсынған Қазақстандағы бірінші АЭС үшін EPR-1200 реакторы талқыланды.

Францияда ядролық отын өндірісінің толық циклі бар екенін атап өтеміз. 2021 жылы Өскемен қаласында Framatome француз технологиясы бойынша Қытай АЭС үшін дайын ядролық отын өндіретін «Үлба-ТВС» зауыты іске қосылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергетикасын дамыту жөнінде өзара тиімді әріптестік құру туралы бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірді.

Қазақстан қарайтын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне пайдалану тәжірибесі, жоғары қуатты уақытпен тексерілген реакторлық технологиялары бар 4 шетелдік компания (Қытайлық CNNC, Оңтүстік Кореялық KHNP, Ресейлік «Росатом» МК және Француз EDF) кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Францияға сапары шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EDF бас директоры Люк Ремонмен атом энергетикасында озық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Анықтама: EDF-Франциядағы ең ірі энергия өндіруші компания және әлемдегі ең ірі атом электр станциясының операторы, оның 92,71%-ы мемлекетке тиесілі. Қазіргі уақытта EDF Францияда 61,4 ГВт қуаты бар 56 реакторды басқарады. 2021 жылы компания - 523.7 Тв (410 ТВт - АЭС) электр энергиясын өндірді. 2021 жылы EDF компанияларының электр энергиясын өндіру мынадай: АЭС - 78,2%, ГЭС - 8,8, Газ – 7,3%, Мазут – 1%, Көмір – 0,7%, басқалары – 4%.

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты