Әлем жаңалықтары12.05.2023
Eni энергетикалық ауысу шеңберіндегі негізгі нәтижелері мен міндеттеріне қысқаша шолу ретінде «2022 жылғы Эни» есебін жариялады

QAZAQ GREEN. Eni (Эни) компаниясы тұрақты даму жайында «2022 жылғы Эни. Әділ ауысу» атты ерікті есебін жариялады. Онда Энидің инклюзивті және ашық тәсілемені қолдана отырып, жұмыскерлермен, қызмет жеткізушілермен, қауымдастықтармен және тапсырыс берушілермен 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жөнінде қабылданып жатқан шаралардың әлеуметтік және экономикалық пайдасына бірлесіп кенеле отырып, тиімді әрі тұрақты энергетикаға қол жеткізуді қамтамасыз ететін әділ ауысуға қосқан үлесі туралы айтылады.
«Энидің алдында тұрған энергетикалық сектордағы міндеттерді шешуде біз энергияға қол жетімділікті, жергілікті дамуды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге үнемі ұмтыла отырып, өз басымдықтарымызды берік ұстанамыз. Стратегиямызды табысты іске асыруға жеке тұлғалардан бастап мемлекеттік секторға, халықаралық ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институттарына дейін мүдделі тараптармен ынтымақтастықсыз қол жеткізу мүмкін емес. Бүгін, ортақ мақсаттарымызды белгілеуге, географиялық алшақтықты азайтуға және қоғамның жаһандық прогресіне ықпал етуге мүмкіндік беретін кең көзқарасқа негізделген ресурстар мен адами капиталды біріктіру қажет», — деп Эни бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци атап өтті.
Көміртекті бейтараптық стратегиясына қатысты, Эни компаниясы 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін берік ұстанады және орынды инвестицияларға негізделген декарбонизацияның барлық мақсаттарын растады. Компания 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда Scope 1, 2 және 3 қамту салаларындағы шығарындыларды 17%-ға қысқартуға қол жеткізді және 2030 жылға қарай барлау және өндіру секторында scope 1 және 2 қамту салаларында шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті шараларды іске асыруды жалғастырды, шығарындыларды азайту технологияларына инвестиция салып, төмен көміртекті жобаларды әзірледі. Осы тұрғыда 2023 жылы Эни Кот-д'Ивуардағы Балейн кен орнында өндіруге жұмылдырылатын қалқымалы мұнай өндіру, сақтау және жөнелту жүйесін іске қосты. Бұл жайт – елдегі ең маңызды жаңалық және Африкадағы Scope 1 және 2 қамту салаларында нөлдік шығарындылар балансы бар кен орнын игеру бойынша алғашқы жоба.
Эни стратегиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттары – компания жобалары іске асырылатын елдерде қызметті жүзеге асыру үшін негіз қалаушы бағдар. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы бизнес-жобалар Энидің әділ ауысуға деген көзқарасының негізгі принциптерін, яғни әлеуметтік аспектілерге нақты назар аудара отырып, мықты инновациялық компоненті бар энергетикалық ауысуды қамтиды. Осыған байланысты Эни декарбонизация процесі компания өз қызметін жүргізетін елдерде айтарлықтай келешегі бар қолданыстағы қызмет түрлерін түрлендіруге және жаңа өндірістік тізбектерді дамытуға мүмкіндіктер ашуды көздейді. 2022 жылы азық-түлік тізбегімен бәсекелеспейтін және Кениядағы тозған жерлерде өсірілген қалдықтар мен шикізаттан өндірілген өсімдік майының бірінші партиясы Энидің Джела қаласындағы биоөңдеу зауытына жеткізілді, бұл жұмыспен қамтуға және жергілікті дамуға оң әсер етті. Бұл модель басқа елдерде де осындай әдіспен қолданылады.
Әділ ауысуға қол жеткізу үшін компания өз қызметін атқаратын елдерде энергия көздеріне қолжетімділікті кеңейту және білім беру бастамаларына ерекше назар аударылды. Бұл Кот-д'Ивуар, Мозамбик және Ганадағы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ас үй жабдықтарын қамтамасыз етуге бағытталған жобалар. Небәрі алты айдың ішінде Кот-д'Ивуарда 100 000-нан астам адам пайдаланған 20 000-нан астам ас үй плитасы қамтамасыз етілді. Эни сонымен қатар Конгода, Ганада, Иракта, Мексикада, Мозамбикте және Мысырда білім алу құқығын ынталандыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асырды, онда компания энергетика және технология саласында жетілдірілген техникалық және кәсіби дағдылары бар жастардың санын едәуір арттыру үшін Zohr қолданбалы технологиялар мектебін ашты.
Қосымша ақпарат:
Eni for 2022 – A just transition
Eni for 2022 – Sustainability performances
Eni for 2022 – Executive summary
Eni for 2022 – Online long-form
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты