Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары06.01.2023

Таллин «Еуропаның жасыл астанасы»-2023 атанды

QAZAQ GREEN. Таллинге «Еуропаның жасыл астанасы» атағын беру рәсімі 21 қаңтарда өтеді және оны Эстонияның ETV телеарнасы таратады. Қала көптеген жылдар бойы экологияны қорғау саласында нақты қадамдар жасап келеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

«Біз биыл қаланы одан да экологиялы ететін өзгерістерге серпін беруілуіне баса назар аударып отырмыз. Бұл өзгерістер Таллиннің барлық жерінде - көше пейзажында, қала қызметкерлері мен шенеуніктерінің өз міндеттеріне қалай қарайтындарына және қала тұрғындарының ойлау жүйесіне қатысты болады», - деді «Еуропаның жасыл астанасы» жыл бағдарламасын ұсынған Таллин мэрі Михаил Кылварт.

«Еуропаның жасыл астанасы» мәртебесін жыл сайын Еуропалық комиссия қоршаған ортаны қорғау саласында ерекше жетістіктерге жеткен және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударатын қалаға береді. Оған қатысуға 100 мың адамнан астам халқы бар ЕО мемлекеттері мен үміткер елдерден, сондай-ақ Исландия, Норвегия, Лихтенштейн және Швейцариядан кез келген қала өтініш бере алады.

Өтінімдерді Еурокомиссия мен Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің сарапшылары мен өкілдерінен тұратын халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпазды таңдау белгілі бір экологиялық, әлеуметтік және экономикалық критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Олардың ішінде климатты қорғау үшін қала қабылдаған шаралар, автотрафиктің тығыздығы және тұрғындардың ұтқырлығы, су мен ауаның сапасы, қалдықтарды кәдеге жарату және т.б. бар.

Мұндай мәртебе жоғары экологиялық және өмірлік стандарттарды енгізу саласында ізашар болып саналатын елді мекендерді қолдау үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында бүкіл Еуропада еліктеуге лайықты үлгілерді танымал ету үшін беріледі. Құрметті атақтан басқа, жеңімпаз 600 мың еуро көлеміндегі жүлде қорын иеленеді. «Еуропаның жасыл астанасы» атағы үшін байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның жеңімпаздары финдік Лахти, португалдық Лиссабон, норвегиялық Осло, нидерландтық Неймеген, неміс Эссен мен Гамбург және басқа да қалалар болды.

Неліктен Эстония астанасы таңдалды?

Таллинге «Еуропаның жасыл астанасы» атағы француз Альпісінің бейресми астанасы Гренобльден өтті. Бұл Балтық қаласы осындай мәртебеге ие болып отырған алғашқы жағдай. Ненің арқасында ол бәсекелестерінен оқ бойы озып кетті?

Біріншіден, қала климаттық бейтараптыққа қол жеткізу үшін климатты қорғаудың сенімді жоспарын ұсынды. Оған сәйкес, Эстония астанасы 2030 жылға қарай шығарындыларды 40 пайызға азайтуға және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндет алды. Айтпақшы, осы уақытқа дейін бүкіл Еуроодақ климаттық бейтараптыққа қол жеткізуі керек, яғни экономикасын парниктік газдардың атмосфераға нөлдік шығарындыларына қол жеткізу үшін қайта құруы тиіс.

Екіншіден, Таллин көптеген жылдар бойы экологияны сақтау саласында нақты қадамдар жасап келеді. Мысалы, 2013 жылдан бастап таллиндіктер қалалық қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады, бұл өз кезегінде 2035 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша бейтарап болуы керек.

Қаладағы трамвайлар қазірдің өзінде 100 пайыз жаңартылатын энергия көздерінен қуат алады. Егер ауаның тазалығы туралы айтатын болсақ, онда жалпы алғанда, Таллиндегі алаңның үштен бір бөлігі жасыл желектермен қамтылған, әр ауданда гүлзарлар бар, ал қалаға тиесілі жерлерде кемінде 80 ара ұясы орнатылған, бұл экологияның жақсы екенін білдіреді - өйткені аралар қоршаған ортаның өзгеруіне өте сезімтал, сондықтан экологиялық мониторингте табиғи маркерлер рөлін атқарады. Сонымен қатар, Таллинде 300 шақырымға жуық велосипед жолдары салынған.

Қала билігі мен оның тұрғындарының табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруі үшін қолдан келгеннің барлығын жасап отырғаны байқалады. Сонымен қатар, биылғы жылы «Еуропаның жасыл астанасы» бағдарламасында тағы 60-қа жуық жаңа жоба жоспарланған, олар кейін, 2023 жылдың күзінде «Жасыл инновациялар» көрмесіне қатысады.

Таллиндіктер қала жағдайына белсене атсалысады

«Таллин - Еуропаның жасыл астанасы – 2023» бағдарламасы түрлі тақырыптық блоктарды қамтиды, олардың ішінде «Инклюзивті қала», «Орнықты қала», «Білім алушы қала» тақырыптары бар.

«Инклюзивті қала» блогының іс-шараларының мақсаты - Таллин тұрғындары мен әкімшілігі арасындағы тығыз қарым-қатынас пен диалогты қамтамасыз ету, осылайша қала тұрғындарына қала қызметі туралы ақпарат қолжетімді болады, ал билік өз кезегінде адамдардың қалалық кеңістікті жақсарту жөніндегі ұсыныстарына құлақ асып, оларды ескереді.

Атап өтерлігі, таллиндіктер қала жағдайына белсене атсалысады. Ресми сайттарда, интернет-платформаларда және әлеуметтік желілерде топтар құрылып, конкурстар, дауыс берулер мен  белгілі бір іс-шараларды талқылаулар өткізіледі. Тіпті ең кішкентай өзгерістердің өзі тұрғындардың хабардар болуымен және қатысуымен іске асады. Мысалы, жақында бүкіл қала болып ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа субұрқақтарды тағы қай жерлерде орнату керектігін шешті.

«Еуропаның жасыл астанасы» бағдарламасы аясындағы Таллиннің маңызды жобаларының бірі қалада орналасқан бірегей жынысты үстірттің келушілер үшін тартымдылығын арттыру жобасы болды. Үздік идеяға арналған байқау аясында 400 өтінім қаралды, онда ұзындығы шамамен тоғыз шақырымға созылатын саябақ аймағын құру туралы ұсыныс жеңіске жетті. Байқау жеңімпазы 12 мың еуро көлеміндегі жүлдеге ие болады.

«Біз бұл аумақты қаланың барлық тұрғындары үшін толыққанды демалыс аймағына айналдыруды, сондай -ақ Таллиннің биоалуантүрлілігін қорғауды және қала тұрғындарының экологиялық сауатын арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді сұхбаттарының бірінде астананың вице-мэрі Владимир Свет.

«Орнықты қала» блогы аясында Глинт паркінен басқа, қала кеңістігін көгалдандыру және абаттандыру бойынша жобалар жоспарланған: жәндіктер үшін дәліз құру, жеміс ағаштарын отырғызу, тасымалданатын саябақтар, «тұйық цикл» экономикасын танымал ету және т. б.

«Білім алушы қала» блогының іс-шаралары балалар мен ересектерге экологиялық ағартушылық пен білім беруге бағытталатын болады. Олар қала тұрғындарына болып жатқан өзгерістерге бейімделуге, қоршаған ортаны неге соншалық сақтау керек екенін және оны қорғауға қандай нақты үлес қосуға болатынын түсінуге көмектесуі керек. Таллиндегі балабақшалар мен мектептерде тұрмыстық қалдықтардың, сондай-ақ теңіз қоқыстарының пайда болуының алдын алуға және азайтуға үйрететін экологиялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады