Қазақстан жаңалықтары21.04.2023
Total Eren Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салады

QAZAQ GREEN. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық Total Eren компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Кездесуге ҚР сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басшылары да қатысты.
Басқосу барысында Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стациясын салу жобасы талқыланды.
Компанияның вице-президенті Антуан Гарре өздерінің табиғат тазалығына құрметпен қарайтындықтарын жеткізіп, жобаның қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол жобаға қолайлы жерді анықтау үшін негізгі және балама орындар қарастырылып отырғанын атап өтті.
Аймақ басшысы жергілікті билік жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, әкімдік тарапынан жер телімін бөлу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тоқталды.
«Бұл жоба біз үшін де маңызды. Оған жер телімін бөлу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Мәселені жедел шешу бойынша министрліктердің қолдауына ие болып отырмыз. Біз жобаны табысты іске асыру үшін компаниямен бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», - деді Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, компания өкілдері 26-27 сәуір күндері Тараз қаласында өтетін «ZHEIF-2023» халықаралық инвестициялық форумға қатыспақ.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты