Қазақстан жаңалықтары21.04.2023
Инвесторлар Жамбыл облысында КЭС және күн панельдерін шығаратын зауыт салуға ниетті

QAZAQ GREEN. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «SK Water Solutions» ЖШС бас директоры Сергей Громовпен кездесті. Кезедесуде тараптар энергетика секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Компания бірінші кезеңде облыста қуаттылығы 100 МВт-ты құрайтын күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Әңгіме барысында жер бөлу жайына баса назар аударылды. Сондай-ақ компания түрік компаниясын тарта отырып, күн панельдерін шығаратын зауыт салуға ниетті.
Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде баламалы энергетика саласын дамыту және инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жамбыл облысы жаңартылатын энергия қуатын өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда. Қазіргі уақытта өңірде жалпы қуаты 451,3 МВт-ты құрайтын жаңартылатын энергия көздерінің 21 нысаны орналасқан, оның ішінде жалпы қуаты 24,4 МВт болатын 6 су электр станциясы, жалпы қуаты 175,65 МВт болатын 9 жел электр станциясы және қуаттылығы 251,25 МВт болатын 6 күн электр станциясы бар. Олармен елдегі жаңартылатын электр энергиясының 20 пайызы өндіріледі.
Аймақ басшысы инвесторларға мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары басқармаларына орталық атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, түйткілді мәселелерді жедел шешу міндеті тапсырылды.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты