Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары01.09.2023

Қазақстанда 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаваттық қуат көздері іске қосылады

QAZAQ GREEN. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «жасыл» экономиканы дамыту мәселесі туралы айтты.

«Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек.

Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет.

2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс.

Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз. Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, жалпы әлемдегі күрделі қаржы салымдарының үштен біріне жуығы жаңартылатын энергетика жобаларының еншісінде. Қазақстанда да бұл бағытта көп жұмыс атқарылды. Жаңа Экология кодексі және Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды. Соңғы 5 жылда жаңартылатын энергетиканың елімізде өндірілетін қуаттың жалпы көлеміндегі үлесі 5 пайызға жуық өсті.

2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаваттық қуат көздері іске қосылады. Еліміздің энергетикалық теңгерімінің құрылымы өзгеретіні анық. Сондықтан қуат өндіруден бастап оны таратуға дейінгі бүкіл энергетика саласын басқару тәсілдерін жетілдіру керек.

Сутегіден қуат өндіру ісін дамыту қажет. Қуат көздерін кеңейту ісі энергетикалық машина жасау саласында технология трансфертін жүзеге асырып, жергілікті өндірісті дамытуға, аккумулятор өнеркәсібін құруға негіз болады. Ең бастысы, елімізде шикізат қоры жеткілікті.

Теңгерімді қуат көздерін, энергияны шоғырландыру жүйелерін құру үшін тың шешімдер қабылдау қажет. Көміртегі бейтараптығына көшуді парниктік газ шығарындыларына арналған квотаны саудалау арқылы тездетуге болады. Үкімет пен бизнес өкілдері осы бағыттағы мүмкіндіктерді пайдалану мәселесімен шұғылдануы керек.

Жетекші экономикалар үшін «жасыл» қаржы тарту ісінің маңызы арта түсуде. Өткен жеті жылда жер жүзінде «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаражат жұмсалды. ESG қағидалары аз уақыт ішінде қаржы ұйымдарының қалыпты тәжірибесіне айналды. Осыған байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығы біздің аймақтың «жасыл» қаражат тартатын басты алаңына айналуға тиіс», – деп Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 

24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді