Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары01.09.2023

Ірі ГЭС құрылысы бойынша ЖЭК аукциондық сауда-саттық өткізілмеді

QAZAQ GREEN. 2023 жылғы 1 қыркүйекте «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ірі гидро электро станциялар құрылысына арналған жобаларды іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК аукцион сауда-саттығының екінші күні өткізілді.

Сауда-саттық сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген қуаттың жиынтық көлемі 322,81 МВт құрады, бұл ретте баламалы арақатынастағы қаржылық қамтамасыз етудің жиынтық көлемі мәлімделген көлемнің 130% аспай 243,51 МВт-ты құрады. Осыған байланысты, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуаттылығының жиынтық көлемі 130%-дан кем болғанда), аукциондық сауда-саттық өткізілмеген деп танылады.

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкінің, USAID өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау барысында ЖЭК жобаларын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтіп, еліміздегі гидро электро станцияларды дамытуға ерекше назар аударды.





20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр