Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары29.03.2024

Қазақстанда Chapter Zero Kazakhstan іске қосылады

QAZAQ GREEN. Қазақстанда Chapter Zero Kazakhstan – әлемнің 72 елін қамтитын жаһандық желі іске қосылады. Бүгін Астанада оның 31-ші филиалы ашылды. Қарапайым тілмен айтқанда, CHAPTER Zero Kazakhstan арқасында бизнес көміртексіздендіру процесіне белсенді үлес қоса алады.

Мысалы, келесі жылы елде қуаты 1 гигаватт жел электр станциясы салынады. Нысанды «ТотальЭнерджис» мұнай-химия концерні, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Самұрық-Қазына» АҚ салады, - деп хабарлайды Atameken Business.

«Бұл - үлкен жоба, бұл - Қазақстандағы ең үлкен ЖЭК жобасы. Біз бұл жобаны ҚазМұнайГаз және Самұрық-Қазынамен бірге дамытып жатырмыз. Бұл жоба Қазақстанда СО2 миссиясын жақсарту үшін жақсы, оң «импакт» береді. СО2 шығарындысы жыл сайын шамамен 1 %-ға азаяды. Бұл жоба электр энергиясының үлкен жинақтаушысы, сағатына 300-600 МВт-қа әлемдегі ең үлкен жинақтаушылардың бірі болады», – дейді Қазақстандағы TotalEnergies Renewables басқарушы директоры Тьерри Плезан.

Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады. Қазір жұмыс жобалау сатысында. Құрылыстың өзі келесі жылы басталады. ТотальЭнерджис мәліметтері бойынша, инвестициялардың жалпы сомасы шамамен бір жарым миллиард долларды құрайды.

Chapter Zero Kazakhstan – климаттың өзгеруімен күресуге және бизнестің тұрақтылығын арттыруға бағытталған Climate Governance Initiative (CGI) жаһандық желісінің бір бөлігі.

CGI – директорлар кеңесі басымдықтарының бірі ретінде климаттық сын-қатерлерді анықтауға тырысатын жаһандық тәуелсіз директорлар желісі (NED). 2019 жылдың маусымында құрылған CGI бүкіл әлем бойынша директорлар кеңесінің Chapter ретінде танымал директорлар желісін құруды қолдау үшін құрылды.

Өңірлік Chapter Дүниежүзілік экономикалық форумның климатты тиімді басқару қағидаттарын басшылыққа ала отырып, нөлдік шығарындыларға көшуді жеделдету үшін кеңестерді жұмылдыруға бағытталған.

 

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр