Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары10.04.2024

Астанада USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының семинары өтті

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 4 сәуірде «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (ЭҚРҚО) базасында, USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының өкілдері «Қазақстан үшін энергия жинақтаудың аккумуляторлық жүйелері» тақырыбында семинар және онлайн-презентация өткізді, ЭҚРҚО хабарлайды.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азия энергетикасы» жобасы, Орталық Азия елдеріне таза энергияға көшуде және жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсетеді.

Семинар гибридті форматта өтті, оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «ЭҚРҚО» АҚ және басқа да бизнес-қоғамдастық компанияларының өкілдері қатысты..

Аталған семинардың мақсаты озық әлемдік тәжірибе мен халықаралық сарапшылардың идеяларын пайдалана отырып, қазақстандық энергетика секторының нақты талаптарын ескере отырып, энергияны жинақтаудың аккумуляторлық жүйелерінің (BESS) технологияларына жан-жақты шолу жасау және оларды заманауи энергетикалық жүйелерге интеграциялау болып табылады.

Іс – шараны USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы басшысының орынбасары Баян Әбілқайырова ашты. Ол семинардың бағдарламасы мен мақсатымен бөлісті, Жоба туралы қысқаша түсіндірді, сондай-ақ «ЭҚРҚО» АҚ-ға осы іс-шараны өткізудегі ұсынылған алаң үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде «ЭҚРҚО» АҚ атынан Стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директор Алексей Доронин сөз сөйледі. Алексей Валерьевич әріптестерімен сәлемдесіп, ЭҚРҚО аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы ретінде жинақтаушы технологияны энергетикалық жүйеге және энергетикалық нарыққа біріктіруге байланысты мәселелерді шешуге мүдделі екенін атап өтті.

Кейін, жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық сарапшы, USAID «Орталық Азия энергетикасы» Маркус Страшличка бейнеконференцбайланыс арқылы энергетикалық жүйелер мен энергетикалық нарыққа BESS технологияларын интеграциялаудың үздік тәжірибелері таныстырылды. Ол энергияны сақтаудың әлемдік нарықтарымен таныстырды, литий-ионды аккумуляторларды сақтау жүйелеріне баса назар аударды және BESS-пен ЖЭК гибридті аукциондары үшін құқықтық және нормативтік ортамен бөлісті.

Семинар белсенді талқылауда, сессия форматында сұрақтар мен жауаптар өткізілді.

 

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр