Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары03.06.2024

QazaqGreenFest: Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына толық қол жеткізбек

QAZAQ GREEN.  Елімізде өндірілген энергияның 6%-ін жаңартылған қуат көздері құрайды, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет 2030 жылға дейін баламалы энергия үлесін 15%-ке жеткізуді көздейді. Бұл туралы Qazaq Green Fest 2024 III Халықаралық іскерлік фестивалінде айтылды. Ауқымды шарада бас қосқан сарапшылар жаңа технологияларға көшудің қыр-сырын талқылады. Мамандар «жасыл» энергетиканы кәдеге жарату үрдісі елімізде қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

«Жасыл» энергетикаға арналған Qazaq Green Fest Халықаралық іскерлік фестивалі жыл сайын сала мамандарының басын қосатын бірегей алаңға айналды. Шараға елімізбен қатар әлемдегі «жасыл» экономикаға ұмтылған мемлекеттік және көптеген қоғамдық ұйымның білікті мамандары қатысты.

«Бүгінде жаңартылған энергия көзі секторының алдында маңызды міндеттер тұр. Яғни, жаңа өндіруші қуаттарды енгізу есебінен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Сондықтан біз баламалы энергияны көміртегі бейтараптығына қол жеткізетін ең тиімді құрал деп санаймыз», – деді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Қазақстан – Париж келісімін ратификациялаған санаулы елдердің бірі. Әрі 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптық стратегиясын қабылдаған Орталық Азия өңіріндегі бірінші ел. Сондықтан еліміз үшін жел және күн энергетикасын дамытудың маңызы зор.

«Мемлекетаралық келісімдер бойынша жасалып жатқан 3-4 гигаваттық жобалар іске асырылады. Одан кейін біз осы 18 жылдан басталған аукциондардың негізінде жасалып жатқан жобалардың арқасында біз осы 2030 жылы осы мемлекеттік басшылық қойған 15%-ке жету мәселесі, өйткені ол бірінші экологиялық мәселе бүкіл әлемнің, сондықтан оған біз келе жатырмыз», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Жаңартылған қуат көзін өндіретін компаниялардың көбі еліміздің оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Жалпы республика бойынша бүгінде 148 баламалы энергия өндіретін нысан жұмыс істеп тұр.

«Біздің ел 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына толық қол жеткізбек. Ол үшін «жасыл» энергетиканы қарқынды дамыту жолдарын қарастырып жатыр. Қазір де салада ілгерілеушілік бар. Ұсынылған тың жобаларды жүзеге асыру арқылы экологияның сапасын жақсартып, сын-қатерлердің алдын алуға септігін тигізеді», – деп айтты «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов.

Күн, жел және судан қуат көзін өндіру ол – уақыт талабы. Бұл тұста қазақ елі «жасыл» энергетика үшін қажетті барлық шикізат қорына бай. Демек, баламалы энергияның болашағы зор.

28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды