Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.08.2024

БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика секторына инвестициялар тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның нәтижелерін ұсынды

QAZAQ GREEN. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) технологияларына инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның нәтижелерін ұсынды. БҰҰДБ Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен серіктестікте іске асырылған жобаның аяқталуына байланысты іс-шарада сарапшылар ЖЭК саласын дамыту перспективаларын талқылады, қолдаудың қаржылық және қаржылық емес тетіктерін одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ болашақта іске асырылуы тиіс жаңа тәсілдерді ұсынды.

2060 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне ауысумен елдің электр энергетикалық кешенін кезең-кезеңімен трансформациялауға басымдық беретін Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегия контекстінде ЖЭК технологияларын сектордың ірі объектілері де, шағын және орта бизнес объектілері де енгізуі тиіс. Қазір Қазақстанда жалпы қуаты 2.900 МВт болатын 148 ауқымды ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын көздердің үлесі 6,5 пайызға жетті.

БҰҰДБ ЖЭҚ қолдауымен жаңа қолдау құралдарын сынау және енгізу үшін ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету әдіснамасын қолданды. Әдіснаманың мақсаты жеке инвестицияларды ынталандыру үшін ықпал ету шараларын қабылдау және осындай «тәуекел-кірістілік» профилін құру және сол арқылы елде сенімді, экологиялық және қолжетімді энергетикалық шешімдерді қамтамасыз ету. Әдіснама жалпыға қолжетімді әдістер жиынтығынан, қаржы құралдары мен модельдерінен, сондай-ақ қажетті ақпараттық ресурстардан тұрады. Жобаны іске асыру барысында әдіснам Қазақстан үшін бейімделді.

«Экономиканы декарбонизациялау – біздің өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді көрсететін басты міндетіміз. Қазба отындарынан біртіндеп бас тарту және жаңартылатын энергияға көшу енді өршіл мақсат емес, әлем елдері қабылдаған міндеттеме. БҰҰДБ ұсынған тәсіл үкіметтерге заңнаманы жақсарту арқылы жаңартылатын энергияға жеке инвестицияларды тиімді ынталандыруға және таратуға көмектеседі. «Жасыл» бастамаларды қолдай отырып, біз адамдар мен ғаламшар үшін төмен көміртекті болашаққа сенімді түрде барамыз», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болды. Атап айтқанда,
«ЖЭК-ті пайдаланатын ауқымы шағын объект» термині енгізілді, мұндай қондырғылардың ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылды, нетто-тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғалар заңды тұлға ретінде тіркелу міндетінен босатылды, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне нетто-тұтынушылардың еркін қол жеткізуін және қосылуын қамтамасыз ету міндеті бекітілді. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер жаңартылатын энергия секторына жеке инвестициялардың өсуін ынталандыруға көмектеседі.

«Министрлік еліміздің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын қысқартып қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру кезінде 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құрылымы мынадай түрде қалыптасады: ЖЭК – 24,4 пайыз; ГЭС – 10,8 пайыз; газ – 25,8 пайыз; көмір – 34,3 пайыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлескен жоба нәтижесінде «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігін арттыратын қаржы құралдары әзірленіп, енгізілді.Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда инновациялық тетік – дайын құжаттамасы бар аукцион ұсынылды. Аукционның осы түрінің жетістігі тікелей шетелдік инвестициялардың келуіне және аукциондардың басқа түрлеріне механизмнің енгізілуіне алып келді.2020 жылы Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен алғашқы жасыл облигацияларды шығарды. БҰҰДБ серіктесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖЭК жобаларын қаржыландыруға жасыл облигацияларды шығару және орналастыру арқылы қаражат тартты. Содан кейін бұл қаражат жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталды.

Бүгінгі таңда БҰҰДБ мен ЖЭҚ бірлескен жобалары шеңберінде әзірленген қаржы құралдары жасыл технологияларды енгізу үшін 3.9 миллиард теңге сомасына 60-тан астам шағын және орта бизнес жобалары үшін «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігін арттырғандығын естеріңізге сала кетейік. Жобалар Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылды.
Ең көп қолданылатын технологияларға күн электр станциялары мен жылумен қамтамасыз ету үшін биомассамен жағылатын қазандықтар кіреді.


19.03.2025
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалды
18.03.2025
Charge Robotics компаниясы күн электр станцияларының құрылысын автоматтандыруды жоспарлауда
18.03.2025
Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
18.03.2025
Американдық стартап CO2 нөлдік шығарындысымен «жасыл» болаттың алғашқы тоннасын балқытты
18.03.2025
Эстонияда Балтық елдеріндегі ең үлкен күн паркі салынады
17.03.2025
ЕАДБ және IRENA Орталық Азияда жаңартылатын энергетиканы дамытатын болады
17.03.2025
DAF жүк көліктері мен трейлерлерге жеңіл күн панельдерін орнатуды ұсынады
17.03.2025
Германия ЕО-да жел турбиналарының құрылыс бойынша көш бастап тұр
14.03.2025
Қайта өңдеу келешегі: жел турбиналары тұрғын үйге айналуда
13.03.2025
Франция 2100 жылға қарай температураның 4°C жоғарылауына дайындалуда
13.03.2025
Жапон кемесі алғаш рет теңізде сутегін алып, оны жағаға жеткізді
13.03.2025
Toyota күн сәулесімен жұмыс істейтін екі орындық FT-Me электромобилін ұсынды
12.03.2025
Voltalia Өзбекстанда электр энергиясын сату туралы келісімге қол қойды
12.03.2025
Қазақстан CERAWeek 2025 аясында әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
11.03.2025
ҚМГ және Total Energies ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11.03.2025
Норвегия 2027 жылдан бастап CBAM енгізуге ниетті
11.03.2025
ДМҰ есебі: климат туралы білім ЖЭК-ке сенімді ауысуға ықпал етеді
07.03.2025
Алматыда ауаны жақсарту бойынша бағдарламалар ұсынылады
07.03.2025
Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркеді
06.03.2025
Қазақстан мен ЕО энергетика және климаттық ынтымақтастықты талқылады