Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары14.08.2024

ҚР-да 2035 жылға қарай ЖЭК үлесін 24,4%-ға дейін жеткізу жоспарлануда

QAZAQ GREEN. Қазақстанда елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2035 жылға қарай 24,4%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қазір оның үлесі 6,5% құрайды. Атап айтқанда, мәлімделген көрсеткішке қол жеткізу үшін ЖЭК орнататын және пайдаланатын кәсіпкерлерге жеңілдікті кредиттер беріледі, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша, БҰҰДБ-ның жасыл технологиялар саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекетпен бірлескен бағдарламасы аясында жалпы сомасы бір жарым миллион АҚШ долларынан асатын 60-тан астам жоба қаржыландырылды. Ал осы жобаларды іске асыру есебінен 5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды.

Сарапшылардың пікірінше, енді екі ай бұрын енгізілген «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға түзетулер енгізіледі.

«Негізгі түзетулер желіге қосылу процестерін төрешілдіктен арылтуға қатысты болды, сондай-ақ мұндай жобалардың қуаты жүз киловаттан екі жүзге дейін ұлғайтылды. Қазір бизнес өз төбесінде қуаты 200 киловатт күн станциясын орнатып, өз қажеттіліктері үшін электр энергиясын тұтынып, артығын белгіленген тариф бойынша желіге сата алады», – деді ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның үйлестірушісі Адамбек Нұржан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) технологияларына инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның нәтижелерін ұсынды. БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен серіктестікте іске асыратын жобаның жабылуына байланысты іс-шарада сарапшылар ЖЭК саласын дамыту перспективаларын талқылады, қолдаудың қаржылық және қаржылық емес тетіктерін одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ болашақта іске асырылуы тиіс жаңа тәсілдерді ұсынды.

«Министрлік еліміздің энергия теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын азайтып қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру кезінде 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құрылымы мынадай түрде қалыптасады: ЖЭК – 24,4 пайыз; ГЭС – 10,8 пайыз; газ – 25,8 пайыз; көмір – 34,3 пайыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты