Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары23.08.2024

Қазақстан мен Франция ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

QAZAQ GREEN. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Францияның даму агенттігінің (AFD) делегациясымен, оның ішінде Астана қаласындағы агенттіктің жаңа өкілдігін басқарған Гүлноза Калленспен кездесті. Кездесу барысында тараптар агенттіктің Қазақстандағы қызметін талқылады, деп CIM баспасөз қызметі хабарлайды.

AFD-нің Қазақстандағы жұмысындағы басым бағыттардың бірі – жаңартылатын энергия көздерін дамыту және тұрақты энергетикаға көшуге қолдау көрсету. Ә. Қуантыров агенттік өкілдерін Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту перспективасымен таныстырды:

«Бұл сектор экономиканың айтарлықтай пайдаланылмаған әлеуетіне ие және елдің энергетикалық кешенін дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Компоненттерге деген сұраныс негізінен Қытай мен Ресейден импорт арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар географиялық және климаттық жағдайлар Қазақстанға өңірдегі тұрақты энергетика өндірісін ұлғайтуда стратегиялық артықшылық береді, ал компоненттерге деген сұраныс жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобалардың көптігіне байланысты артып келеді. Осылайша, жаңартылатын энергия көздері компоненттерін өндіру нарығы отандық және шетелдік инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктерді ұсынады, және біз бұл бағыттағы инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз».

Кездесу соңында Г. Калленс Қазақстан тарапына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, келешекте перспективалы жобаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

AFD – дамушы елдерде мемлекеттік мекемелер мен жеке компанияларды қолдау арқылы жобаларды қаржыландыратын Франция үкіметінің агенттігі. Еуразия бойынша өңірлік кеңсе төрт бағытта жұмыс істейді: қалалардың тұрақты дамуы, табиғи ресурстарды кешенді аумақтық басқару, таза энергияға көшу және инклюзивті саяси және экономикалық даму модельдері.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр