Қазақстан жаңалықтары27.08.2024
Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды бекітті

QAZAQ GREEN. ҚР Үкіметі 2024 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспар жобаларын іріктеудің негізгі тәсілдері:
-
сыртқы және ішкі инфрақұрылымдық қаңқаны нығайту арқылы өңірлерді бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялау арқылы өңіраралық, аумақтық байланысты қамтамасыз ету;
-
қалалардағы өмір сапасының ұлттық рейтингі және Қазақстанның өңірлік әл-ауқат индексі мониторингтік құралы бола алатын өңіраралық алшақтықтар мен инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің теңсіздігін қысқарту;
-
қолданыстағы және перспективалы отандық өнеркәсіптік әлеуетті барынша тарту.
Жоспар жобаларын іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
-
экономикалық өміршеңдік – жоба ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі, сапалы жұмыс орындарын құруды ынталандыруы, экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер етуі, ресурстарды пайдалану тиімділігі саласында жаңа технологиялық жетістіктерді қолдануы тиіс;
-
сыртқы және аймақаралық байланысты жақсарту;
-
экологиялық жауапкершілік – жоба климаттың өзгеруіне және табиғи апаттардың алдын алу принципіне сәйкес келеді, қоршаған ортаны қалпына келтіруге және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған;
-
елішілік құндылық үлесін ұлғайту – жоба ғылыми-техникалық әзірлемелер мен өндіріс саласындағы отандық мүмкіндіктерді барынша пайдалануды және дамытуды немесе елішілік құндылықты қамтамасыз етуге міндетті;
-
елдің ауқымы.
Жоспар инфрақұрылымның төрт бағытын көздейді, олар бойынша 204 жобаның тізбесі қалыптастырылған:
-
энергетикалық инфрақұрылым – 46 жоба;
-
көлік инфрақұрылымы – 59 жоба;
-
сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы – 89 жоба;
-
цифрлық инфрақұрылым – 10 жоба.
Атап айтқанда, жоспарда электр энергиясының өсіп келе жатқан тұтынуын жабуға бағытталған жаңа қуаттарды енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген. Жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту жөніндегі жобалар тізбеге ал бірнеше себептерге байланысты:
-
халықты сенімді электрмен және жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді;
-
өмірлік маңызды объектілердің жұмысын қамтамасыз етеді;
-
ел экономикасын дамытудың негізгі элементі болып табылады;
-
елдің импортталатын энергияға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша энергетикалық қауіпсіздікті арттырады;
-
төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтады.
Бұдан басқа, 2029 жылға дейін Total Open, Masdar, ACWA power және Сһіпа Power International Holding сияқты стратегиялық халықаралық әріптестердің қатысуымен іске асырылатын ЖЭК-тің ірі объектілерін іске асыруды аяқтау жоспарлануда. ЖЭК саласында жетекші болып табылатын бұл компаниялар Қазақстанның жобаларына инвестиция салуға қызығушылық танытты, бұл елдің экономикалық дамуына және ЖЭК үлесінің артуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағында жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру көзделген, бұл жылу желілерінің тозу көрсеткішіне оң әсер етеді.
Жоспарды энергетикада іске асыру мыналарға әкеледі деп күтілуде:
1) генерациялайтын қуаттардың тозуын 2029 жылға қарай 47%-ға дейін төмендету (2024 жыл – 53%);
2) 2029 жылға қарай электр қуатының тапшылығын жою;
3) ЖЭК-тен электр энергиясының үлесі 2029 жылға қарай өндірістің жалпы көлемінен 12,5% құрайды (2024 жылы – 6%);
4) жинақталатын енгізілетін электр қуаттарының көлемі 2029 жылға қарай 14,785 ГВт-қа жетеді (2024 жылы – 0,695 ГВт);
5) жылумен жабдықтау желілерінің тозуының төмендеуі 2029 жылға қарай 43%-ға дейін жетеді (2024 жылы – 52%).
«Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырын реверс режимінде жылына 6 млн тоннадан 15 млн тоннаға дейін кеңейту, «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбырын жылына 10 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда.
Теміржол инфрақұрылымында транзиттік тасымалдар көлемінің өсуін ынталандыру және көлік қызметтеріне ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылады: «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтарал» темір жол желілері сияқты негізгі учаскелерді салу, реконструкциялау және жаңғырту, сондай-ақ Алматы қаласының айналасындағы айналма тармақ, ҚХР шекарасындағы «Бақты» темір жол өткелі және өзге де жобалар.
Авиациялық инфрақұрылымда негізгі хабтардың бірі болып табылатын Шымкент қаласының әуежайын қоса алғанда, бірнеше әуежайларда аэровокзалдық үй-жайларды, ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау көзделеді.
Бұдан басқа, тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту бойынша 67 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл су ресурстарының сапасын сақтауға және қоршаған ортаның жай-күйін қолдауға ықпал етеді. Сондай-ақ 19 жаңа су қоймасының құрылысы жоспарланған.
Жоспарда өңдеу өнеркәсібі, цифрлық сала және т.б. бойынша іс-шаралар да бар.
204 жобаны қаржыландыру қажеттілігі 40,1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде:
-
республикалық бюджет – 1 трлн теңге;
-
Ұлттық қор – 0,5 трлн теңге;
-
жергілікті бюджет – 2 трлн теңге;
-
бюджеттен тыс қаражат – 36,6 трлн теңге.
Жобаларды іске асыруды қаржыландырудың нақты көздері жобалардың инвестициялық кезеңі шеңберінде тиісті сараптамалар мен қорытындылар алғаннан кейін айқындалады.
Жоспардың күтілетін экономикалық әсері
-
Жоспар жобаларын іске асырудан жалпы қосылған құн салымының (ЖҚҚ) жалпы әсері 24,6 трлн теңгеге бағаланады.
-
ЖІӨ-нің өсуіне үлес орта есеппен 2,3% деңгейінде күтіледі (2024 жылы – 1,6%).
-
Жоспардың мультипликативті әсерлерінің бірі 150 мыңға жуық жұмыс орнын құру болып табылады, оның ішінде тұрақты – 26 582, уақытша – 120 355.
Сондай-ақ, инфрақұрылым бағыттарының әрбір бөлімінде елішілік құндылық үлесінің нысаналы индикаторлары көзделген.
«Елішілік құндылық индикаторларын орындау әлемдік нарықтарға тәуелділікті қысқартуға ықпал ететін болады, ал жоспар жобаларын іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған жоғарыда аталған материалдарды регламенттеу өңдеу өнеркәсібін жаңа және қосымша өндірістер құруға ынталандыруға, сондай-ақ жоспар жобаларының инвестициялық және іске асыру кезеңдерінде офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндіктерін пысықтауға мүмкіндік береді», – деп есептейді құжатты әзірлеушілер.
Жалпы жоспар халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігіне және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді