Қазақстан жаңалықтары16.09.2024
Қазақстан Үкіметі және БҰҰДБ климаттық есептілікті ұсыну жөніндегі жобаны іске қосады

QAZAQ GREEN. БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен әріптестікте Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен климаттық есептілікті ұсыну жөніндегі жобаны іске қосады, деп хабарлайды БҰҰДБ.
Жоба 2024 жылдың соңына қарай транспаренттілік мәселелері бойынша Бірінші екі жылдық баяндаманы және Ұлттық біріккен тоғызыншы хабарламаны және 2026 жылға қарай Екінші екі жылдық баяндаманы дайындауды қамтиды. Жобаның негізгі бағыттарының қатарына ұлттық хабарламалардан алдыңғы ұсынымдарды ескере отырып, климаттың өзгеруі мәселелерін ұлттық саясатқа, жоспарлар мен бағдарламаларға біріктіруге жәрдемдесу жатады.
Ұлттық хабарламалар мен баяндамалар халықаралық міндеттемелердің бір бөлігі болып табылады, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) және Париж келісімінің ережелеріне сәйкес әзірленеді әрі елдерге ұлттық деңгейде айқындалатын салымдардағы (ҚР ҰДАС) климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі прогресті бақылауға мүмкіндік береді. Елдер көрсеткіштерді анықтайды, содан кейін таңдалған көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша жаңартылған ақпаратты ұсынады. Қазақстан үшін таза шығарындылар, парниктік газдарды сіңіру және қысқарту, орманды қалпына келтіру, сондай-ақ жаңартылатын энергияны пайдалану немесе өндіру пайызы сияқты көрсеткіштер өзекті болады.
«Қазақстан өз міндеттемелерін Париж келісімінде баяндалған өршіл мақсаттарға сәйкес келтіру процесі барысында. Біз бұл мақсаттарға қол жеткізу инновациялық технологияларды, сенімді саяси шеңберді және үкіметтің, жеке сектордың, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың белсенді қатысуын қамтитын көп қырлы тәсілді қажет ететінін мойындаймыз. Бүгінгі жобаның іске қосылуы бірлескен күш-жігердің шарықтау шегі болып табылады. Біздің ортақ біліміміз бен тәжірибеміздің арқасында біз еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылдың сенімді тетіктерін жасай аламыз деп сенемін», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Гүлмира Галиева.
Климаттың өзгеруі жаһандық сын-қатерлер болып табылады және ұлттық әрі халықаралық деңгейде жедел әрекет етуді талап етеді. Климаттың өзгеруімен күресу үйлестірілген шараларды, соның ішінде олардың алдын алуды және салдарға бейімделуді талап етеді. Париж келісімі осы әрекеттердің құқықтық негізін қамтамасыз етеді.
«2024 жыл Париж келісіміне қатысушы барлық елдер үшін ерекше маңызға ие, өйткені транспаренттіліктің кеңейтілген шеңберін енгізу процесі басталады. БҰҰДБ көптеген жылдар бойы Қазақстанды парниктік газдар шығарындыларын азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу, қаржы ресурстары және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін талап етілетін инвестициялар бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен шаралар туралы ұлттық хабарламалар мен есептілік жасауда қолдайтынын мақтан тұтады», – деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Энергетика және қоршаған орта департаментінің басшысы Әсел Нұрбекова.
Қазақстан климаттың өзгеруі мәселелерін ұлттық жоспарлаудың барлық аспектілеріне біріктіруді жалғастыруда. Notre Dame Жаһандық бейімделу индексіне сәйкес, 2021 жылы Қазақстан климаттың өзгеруіне бейімделу тиімділігі бойынша 185 елдің ішінде 36-шы орынды иеленді. 2016 жылы Қазақстан өзінің алғашқы ҰДАС-ты таныстырды, ал 2023 жылы жаңартылған бағдарламаға бейімделу бойынша міндеттемелер енгізілді және Қазақстан Республикасының Сегізінші ұлттық хабары мен Бесінші екі жылдық баяндамасы ұсынылғандығын естеріңізге сала кетейік. Сонымен қатар, 2023 жылы Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі өзінің ұлттық стратегиясын бекітті. 2060 жылға дейінгі Көміртекті бейтараптық стратегиясы төмен көміртекті дамуға қажетті көшудің ауқымы мен жолдары туралы түсінік береді.
Климаттық есептілікті ұсыну жөніндегі жобаны іске қосу Қазақстанның көміртегі бейтараптығына жолдағы маңызды қадам болып табылады, өйткені ол халықаралық міндеттемелерді орындаудың маңызды элементін ғана емес, сонымен қатар елдің климаттық іс-қимыл саласындағы прогресін өзін-өзі бағалау және мониторингтеу тетігін білдіреді. Жоба Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз күш-жігерін неғұрлым дәл және егжей-тегжейлі қадағалауға, іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға және халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық климаттық саясатты түзетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті