Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары19.12.2024

Қазақстан электр желілерінің тиімділігін жаңғыртуға және электр энергиясының шығынын азайтуға €6 млн алды

QAZAQ GREEN. Климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету жөніндегі іс-қимыл қоры (Mitigation Action Facility) жеті инновациялық жобаны, оның ішінде Қазақстандық жобаны да іріктегенін жариялады. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асыратын, жалпы бюджеті 6 миллион еуроны құрайтын бұл жоба энергия жүйесінің тиімділігін арттыруға, электр энергиясының шығынын азайтуға және электр энергиясын көмір арқылы өндіруге тәуелділікті төмендетуге бағытталған, деп хабарлайды БҰҰДБ.

«Жаңа жоба қолданыстағы саясатты талдауға және энергия жүйесін жаңғырту үшін нормативтік-құқықтық реформаларды енгізуге, озық технологиялардың ұтымды тұстарын көрсетуге, қаржы секторының әлеуетін нығайтуға және өңірлерде табысты жобалардың таралымын ынталандыруға бағытталған», – деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Қазақстан Орталық Азиядағы парниктік газдар шығарындыларының ең ірі көзі бола отырып, өзінің энергетикалық жүйесін трансформациялау кезінде елеулі проблемаларға тап болады. Оның көміртегі сыйымдылығы ЖІӨ-нің 1.000 АҚШ долларына 0.26 тCO2 құрайды, бұл ЕО-дағы ұқсас көрсеткіштен екі есе жоғары. Энергетика секторы ұлттық шығарындылардың шамамен 85 пайыз құрайды, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі тек электр және жылу өндірісіне тиесілі.

«Еуропалық Одақ Қазақстанның декарбонизация саласындағы өршіл мақсатын және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді құптайды. Осы мақсатқа жету үшін көп жұмыс істеу керек. Осы жобаның көмегімен біз Қазақстанның энергия жүйелерін жаңғырту және шығындарды азайту жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз. Еуропалық Одақтың тәжірибесі көрсеткендей, жасыл электр энергиясының үлкен көлемін біріктіру үшін өзара байланысты және заманауи желілер қажет. Біз осы мақсатқа жету үшін Қазақстанмен жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз», - деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич.

Германияның Астанадағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Ульрих Кинне: «Германия осы және басқа да көптеген жобалармен Қазақстанды 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығы жолында қолдайды. Бакуде өткен 29-шы Тараптар конференциясында қол жеткізілген Халықаралық көміртегі нарықтары туралы келісім осы бағытта көптеген жаңа мүмкіндіктерді ашады».

Климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету жөніндегі іс-қимыл қоры – әртүрлі секторлардағы климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылды ынталандыратын жетекші платформа. 2012 жылы Германия, Дания, Ұлыбритания үкіметтері, Еуропалық Одақ мен Балалар инвестициялық қорының гранттық бағдарлама ретінде құрылған қор климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету жобаларына техникалық қолдау мен климаттық қаржыландыруды ұсынады.

«Ұлыбритания трансформациялық климаттық жобаларды жандандыруға ұмтылуда, сондықтан БҰҰДБ-ның Қазақстан үшін жобалық өтінімі Ұлыбритания мен басқа да серіктестер қолдайтын Климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету жөніндегі іс-қимыл қорынан қаржыландыруға ие болғандығына қуаныштымыз. Жасыл трансформация жасыл электр энергиясын білдіреді, яғни бұл жобаның негізінде жатқан ХХІ ғасырдағы орнықты, энергия үнемдейтін желілер Қазақстанда декарбонизацияланған, әртараптандырылған және жаңғыртылған экономиканы дамыту үшін қажет», – деді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич.

Бұл бастама парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын 15 пайызға және 2030 жылға қарай шартты түрде 25 пайызға қысқартуды көздейтін Қазақстанның жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын салымын (ҰДАС) қолдауға арналған. Ол сондай-ақ энергия үнемдеу технологияларын дамытуға және электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайтуға ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бұл жоба климаттың өзгеруіне айтарлықтай үлес қосып, жанама түрде 114 миллион тоннадан астам CO2 шығарындыларының алдын алады деп есептеледі.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр