Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары21.08.2025

Қазақстанда 2025 жылы 455 МВт болатын 9 ЖЭК нысаны іске қосылады

QAZAQ GREEN.  Мемлекет басшысы өз Жолдауында, әсіресе жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, жасыл экономиканы басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласын белсенді дамытып, тұрақты энергетикалық трансформация бағытын күшейтіп келеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Бүгінде елімізде жалпы қуаты 3122 МВт болатын 156 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Өткен жылы ЖЭК арқылы өндірілген электр энергиясының көлемі 7,58 млрд кВт·сағатты құрап, жалпы өндірістің 6,43%-ын қамтыды.

2025 жылы жалпы қуаты 455 МВт болатын 9 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған. Оның үшеуі (90 МВт) қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Қазақстан шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеуде. Қазіргі таңда олардың инвестициялық жобалар портфелі шамамен 4,8 ГВт-ты құрайды. Жоспар бойынша 2035 жылға дейін елімізде кемінде 8,4 ГВт ЖЭК қуаты іске қосылады.

Сонымен қатар шағын көлемдегі электр өндіру саласы да дамып келеді. Нетто-тұтынушылар механизмі азаматтар мен бизнес өкілдеріне өздерінің күн немесе жел электр станцияларын қолданып, артық энергияны электр желісіне сатып, табыс табуға мүмкіндік береді. 2024 жылы мұндай келісімшарттардың саны 47-ден 103-ке жетті. Ал шағын нысандардың жалпы қуаты 6,2 МВт-қа дейін артты.

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына жоспарлы түрде ілгерілеп, энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келеді. ЖЭК жобаларын жүзеге асыру — энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және заманауи «жасыл» экономиканы қалыптастыруға ықпал етеді.

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты