Қазақстан жаңалықтары03.10.2025
Ерлан Ақкенженов: Жаңа инвестициялық келісімшарттар мен технологиялар Қазақстанның жаһандық энергия нарығындағы орнын нығайтады
QAZAQ GREEN. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов XVII Еуразиялық KAZENERGY форумының басты пленарлық сессиясында саланың даму стратегиясын таныстырды. Сессия жұмысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысып, Ол Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыты айқындалған құттықтау хатын оқыды.
Ал министр өз кезегінде жаһандық өзгерістер аясында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарды таныстырды.
– Қазақстан жаһандық энергетикалық жүйенің маңызды бөлігі ретінде көпвекторлы әрі тұрақты саясатты ұстанады. Біз көмірсутектерді сенімді жеткізумен қатар, төмен көміртекті модельді дамыту жұмысын қатар жүргізіп отырмыз. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және инвестиция тартуға жол ашады", – деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, елде инвестициялық климатты жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, жаңа кен орындарын барлау мен игеруге ынталандыратын Жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізілген. Осы механизм арқылы бүгінде 9 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға келісімдерге қол қойылған.
Сондай-ақ, министр дәстүрлі энергетиканы жаңғырту және "жасыл" технологияларды дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауытын кеңейту және көмір станцияларына көміртекті ұстау технологияларын (CCUS) енгізу көзделіп отыр. Бұған қоса, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің саны артып келеді – бүгінде жалпы қуаты 3,25 ГВт болатын 158 нысан жұмыс істеп тұр.
Форумда сөз сөйлеген ОПЕК-тің Бас хатшысы Хайтам әл-Гайс Қазақстанның энергетикалық саладағы рөлін жоғары бағалап, ОПЕК әлемдік тұрақтылықты қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.
– Қазақстан жаһандық энергетика аренасындағы маңызды ойыншы және сенімді серіктестікке алғыс білдіреміз. ОПЕК-тің басты міндеті — жаһандық энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің мақсатымыз – үздіксіз энергеиямен қамтамасыз ету және энергетикалық ұауіпсіздікті нығайту, – деді ол.
Анықтама: XVII Еуразиялық KAZENERGY форумы 2-3 қазан аралығындп Астанада өтіп жатыр. Биылғы форумның тақырыбы – "Жаңа энергетикалық тәртіпті қалыптастыру және орта державалардың рөлі". Шараға үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялар мен жетекші энергетикалық компаниялардың басшылары қатысуда.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр