Қазақстан жаңалықтары31.10.2025
Қазақстан мен Финляндия жаңартылатын энергия мен жасыл технологиялар саласындағы серіктестікті күшейтеді

QAZAQ GREEN. Қазақстан мен Финляндия энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтерді. Финляндия Президенті Александр Стуббтың Астанаға ресми сапары аясында ҚР Энергетика министрлігі мен Финляндияның Экономика және еңбек министрлігі арасында энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Финляндияның Экономика және еңбек министрлігінің тұрақты хатшысы Тимо Яаатинен қол қойды. Меморандум энергетика және жасыл экономика бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ таза және энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өндірісті декарбондауға бағытталған.
Ынтымақтастық шеңберінде тараптар сарапшылармен және озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ университеттер мен ғылыми орталықтар арасында бірлескен зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.
Осы келісімдерді іске асыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігінде вице-министр Санжар Жаркешовтің және Тимо Яаатинен бастаған фин делегациясының қатысуымен кездесу өтті. Келіссөзге EastCham Finland, Wärtsilä, Finnvera және Nurminen Logistics сияқты фин компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Санжар Жаркешов атап өткендей, Қазақстан Финляндиямен энергетика саласындағы серіктестікті тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және тұрақты энергетикалық жобаларға инвестиция тартуға мүдделі. «Wärtsilä» компаниясымен бірлескен жұмыс тәжірибесі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі екенін көрсетті.
Тараптар сондай-ақ «жасыл» трансформация және декарбонизация бойынша бастамаларды қолдауға ниетті екендерін білдірді. Бұл бағыттар Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсаттарымен үндеседі.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін екіжақты жұмыс тобы құрылды. Оның алғашқы отырысы өткен жылы өтті, ал биыл нақты жобалар мен өзара іс-қимыл тетіктерін талқылау жоспарланып отыр.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы серіктестікті одан әрі кеңейту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытындағы бірлескен жобаларды жандандыру туралы ортақ пікірге келді.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр