Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары04.11.2025

Қазақстан мен Orascom KGIR-2025 аясында египеттік компанияның су және энергетика саласындағы жобаларға қатысуын талқылады

QAZAQ GREEN.  Қазақстанның ғаламдық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR-2025) аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министлігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар жөніндегі вице-министрі Мухаммед Абдуррахман Альхауимен өтті. Тараптар сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Ерекше назар Қазақстан-БАӘ стратегиялық инвестициялар платформасы шеңберіндегі кооперация мүмкіндіктеріне және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға аударылды.

Келесі кездесуде Ә.Қуантыров «Orascom Construction PLC» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Тамер Шафикпен келіссөздер жүргізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларға, соның ішінде су электр станцияларының, газ электр станцияларының және сумен жабдықтау нысандарының құрылысына қатысу әлеуетін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті дамытуға, компанияның Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына және энергетика, су ресурстары мен көлік инфрақұрылымы салаларында инженерлік-технологиялық шешімдермен алмасуға өзара мүдделілік білдірді.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен бірлесіп, KGIR-2025 инвестициялық трегі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды және инвесторлармен жұмысты үйлестіруді жалғастырады.

«Orascom Construction PLC» – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ең ірі халықаралық мердігерлердің бірі, әлемнің 20-дан астам елінде 200-ден астам белсенді жобаны жүзеге асыруда. Компания портфеліне қуаты 30 ГВт-тан асатын энергетикалық нысандар, АҚШ, Египет және Сауд Арабиясындағы инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ тәулігіне 17 млн м³ су тазарту және тұщыландыру станциялары кіреді. Сонымен қатар «Orascom» Африкадағы алғашқы «жасыл» сутек өндіретін кешеннің және қуаты 650 МВт болатын Red Sea Wind Farm жел электр станциясының әзірлеушісі.

 

24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді