Қазақстан жаңалықтары10.11.2025
ЖЭК аукциондары: Қазақстан кіші гидроэлектростанция жобаларын іріктеді

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 10 қарашада БЭЖ РК-ның барлық аймақтары бойынша жиынтық қуаты 50 МВт болатын кіші гидроэлектростанция құрылыс жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді, деп хабарлайды KOREM.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 6 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылар ұсынған жиынтық қуат көлемі 18,9 МВт-ты құрады.
2025 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтарда бастапқы аукциондық баға 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) деңгейінде белгіленді.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 41,23 теңге/кВт сағаттан 41,16 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компаниялар анықталды:
- «TolebiHydro Operating» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық баға – 41,21 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
- «KegenHydro» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық баға – 41,2 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
- «Ынтымақ» ӨК (өндірістік кооперативі)– жобаның белгіленген қуаты 4,9 МВт, аукциондық баға – 41,18 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз) ;
- «Ынтымак-Энерго» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық баға – 41,17 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз) ;
- «Sun Volt» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық баға – 41,16 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Еуразиялық даму банкі» АҚ, «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Келесі аукцион 2025 жылғы 11 қарашада барлық аймақтар бойынша жалпы орнатылған қуаты 200 МВт болатын ГЭС жобаларын іріктеу үшін өткізуге жоспарланған.
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады