Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары11.11.2025

Қазақстанда ірі су электр станциялары жобалары бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды

QAZAQ GREEN.  2025 жылғы 11 қарашада БЭЖ РК-ның барлық аймақтары бойынша жиынтық қуаты 200 МВт болатын ірі гидроэлектростанция құрылыс жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді, деп хабарлайды KOREM. 

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 2 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылар ұсынған жиынтық қуат көлемі 18,9 МВт-ты құрады.

2025 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтарда бастапқы аукциондық баға 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) деңгейінде белгіленді.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 41,23 теңге/кВт сағаттан 41,22 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компаниялар анықталды:

  • «ГЭС Лепсы-2» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 16,99 МВт, аукциондық баға – 41,23 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  • «MILIAR COMPANY» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондық баға – 41,22 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);

Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Еуразиялық даму банкі» АҚ, «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы», «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы,  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Келесі аукцион 2025 жылғы 12 қарашада барлық аймақтар бойынша жалпы орнатылған қуаты 20 МВт болатын БиоЭС жобаларын іріктеу үшін өткізуге жоспарланған.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр