Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.12.2025

Қазақстан ТМҰ елдері энергетикасының цифрлық трансформациясы орталығын құруды ұсынды

QAZAQ GREEN.  Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Энергетика министрлерінің бесінші отырысы 10 желтоқсанда Стамбулда өтті. Басқосуда ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс түркі әлемі елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Ол өз сөзінде ТМҰ Энергетика министрлерінің отырысы сала мәселелерін талқылау мен ынтымақтастықты нығайтуда тұрақты алаңға айналғандығын айтып, басты назарды ортамерзімді перспективадағы ынтымақтастыққа аударды. Оның ішінде қалпына келетін және баламалы энергия көздері, қазба отындарын пайдалану, сутегі энергетикасы, энергия үнемдеу мен тиімділік, цифрландыру және киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

Сонымен бірге энергетикалық маршруттарды әртараптандыру, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын айрықша атап өтті. Қазақстанның ірі жобалардағы жетістіктерін алға тартып, Рожковское мұнай-газ кен орнын іске қосу және Түркиямен бірге Қызылордадағы парогаз қондырғысын салу жобасы жайында айтып өтті.

Вице-министр маңызды жиында әділ энергетикалық ауысымның қажеттігін тілге тиек етті. Бұл ТМҰ елдерінің ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық және экологиялық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басым бағыттар қатарында тәжірибе алмасу, эксперттік платформаларды дамыту, жасыл инвестицияларды қолдау және білікті кадрлар дайындау бар.

Сөз соңында Б. Ілияс энергетиканы цифрландыруға, «ақылды» желілерді, өнеркәсіптік интернет пен жасанды интеллектті енгізуге, кибертұрақтылық мәселелеріне ерекше мән беріп, ТМҰ елдерінің энергетикасын цифрлық трансформациялау бойынша бірлескен эксперттік орталық құруды ұсынды. Ол сондай-ақ ТМҰ елдерінің бірлескен әрекеттері аймақтың энергетикалық саясатын дамыту, қауіпсіздікті нығайту және сала тиімділігін арттыруға берік негіз қалайтындығын алға тартты.

Сонымен бірге вице-министр Бақытжан Ілияс Түркияның энергетика вице-министрі Ахмет Чонкармен екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Тараптар бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын және түркиялық компаниялардың Қазақстандағы мұнай-газ және электроэнергетика саласына қатысуын атап өтті.

Негізгі назар қалпына келетін энергетиканы дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға, сондай-ақ энергетикалық жеткізілімдердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға аударылды. Тараптар екіжақты және көпжақты форматта, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді