Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.01.2023

Қазақстан мен Жапония экология саласындағы мәселелер аясында өзара ынтымақтастықты талқылады

QAZAQ GREEN.  Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кету керек, Жапония 2020 жылы 2050 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді мақсат етіп қойды.

Қазіргі уақытта Күншығыс елі энергетикалық көздерден парниктік газдардың шығарылу көлемі бойынша әлемде 5-ші орында (ҚХР, АҚШ, Үндістан, Ресей) тұр.

Жапондық тарап бірлескен Кредиттеу механизмі (JCM) аясында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл механизм озық технологияларды және шығарындыларды азайту жөніндегі инфрақұрылымды таратуға, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, JCM парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңіруге бағытталған Климаттық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Сондай-ақ, тараптар кредиттеудің бірлескен механизмі бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға екі елдің үкіметтері деңгейінде қол қою мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында жапон тарапы кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін министрге алғысын білдірді.

Анықтама: JCM аясындағы несиелер аталған механизм шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңіру бойынша шараларды іске асыру барысында жоба қатысушылары қол жеткізген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірудің сандық көрсеткіштері негізінде беріледі.

 

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты