Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары23.01.2023

«Алтыналмас» «Qazaq Green» Қауымдастығына қосылды

QAZAQ GREEN.  «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы "Qazaq Green” ЖЭК қауымдастығының аккредиттелген бақылаушысы болып қабылданды. Осылай компания тұрақты дамудың жоғары стандарттарына беріктігін және "жасыл" энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға мүдделі инвесторлардың, девелоперлердің, жабдық өндірушілердің, халықаралық қаржы институттарының мен университеттердің басын біріктіреді. Қауымдастық мүшелерінің қатарында «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, AIFC, Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму Банкі, Huawei, Хевел және басқалары бар.

«Алтыналмас АК» АҚ-ның көмір айыруға бағытталған жобалары бар. Мәселен, Компанияның Қарағанды облысындағы өндірістік алаңындағы Долинное және Пустынное кенорындары арасында күн панельдері арқылы жарықтандыру орнатылған. Баламалы энергия көздерін пайдалану жылыжайлық газдар шығарындыларын азайтуға, ол арқылы көміртегі ізін төмендетуге, қызметкерлердің еңбек жағдайларының қауптілігін төмендетіп, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға мүмкіндік берді. Компания жобаға 178,6 млн теңгеден астам қаржы салды.

«Алтыналмас АК» АҚ Басқарма мүшесі, тұрақты даму жөніндегі бас атқарушы директоры Бахром Джалолов: ««Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына қатысуымыз Компаниямызда енгізілген ESG саясатының қағидаттарына негізделген. Өздеріңіз білетіндей, жаңартылатын энергия көздері көміртегі пайдалануды азайтудағы ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Сол себепті ЖЭК саласын үлкен қызығушылықпен зерттеп келеміз, «жасыл» энергетика жобаларын табысты іске асырамыз деп үміттенеміз. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік аспектілерін бизнес-үдерістерге біріктіру Компаниямыздың тұрақты дамуы үшін қажетті шарт деп санаймыз», - деп атап өтті.

Компания «Qazaq Green» алаңының мүмкіндіктерін B2B және B2G келіссөздері арқылы өздерінің өндірістік алаңдарында «жасыл» энергетика жобаларын енгізу үшін оңтайлы және тиімді шешімдерді табуға бағыт алады.

«Qazaq Green» қауымдастығының мүшелері ҚР Энергетика министрлігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігі аккредиттеген ұйым бола отырып, ақпараттық және талдамалық консультациядан мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге дейін ЖЭК бойынша білікті қолдау алады.

«Qazaq Green» ЖЭК» қауымдастығының директорлар Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапенов: «Бүгінгі таңда біз нақты сектордағы компаниялардың экология мәселелеріне және көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға қызығушылығын көбірек көріп отырмыз. Қауымдастық әрдайым өз тәжірибесімен бөлісуге дайын, ол «Алтыналмас» компаниясы да ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырады деп үміттенеді», - деп атап өтті.

«Алтыналмас» өз қызметін ESG үздік халықаралық тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізеді. Ол GRI стандарттарының тұрақты даму рейтингінде қазақстандық компаниялардың алғы ондығы қаратына кіреді. Тұрақты дамудың маңызды мақсаттарының бірі – «жасыл» энергетиканы дамыту.

 

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты