Қазақстан жаңалықтары07.02.2023
Қазақстан 2029 жылға қарай жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін 12,5%-ға ұлғайтады

QAZAQ GREEN. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте отын-энергетика кешені мен электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов атап өткендей, ‘лектр энергетикасына қатысты бірқатар қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда, бұл қосымша 11,7 ГВт энергия береді, сондай-ақ жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін 12,5%-ға ұлғайтуға, электр желілерінің тозу деңгейін 47%-ға дейін төмендетуге, республиканың бірыңғай энергия жүйесін құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде тауарлық газ өндіруді (+25,5%) және республиканы газдандыру қарқынын (2029 жылы 63,4%-ға дейін), мұнай-газ-химия өнімін (6,6 есе), көмір өндіруді (+3%) ұлғайту және экономиканың энергия сыйымдылығын (5%-ға дейін) төмендету жөніндегі қадамдар қарастырылған.
Мұнай-газ-химия өнеркәсібінде ірі жобаларды, оның ішінде полиэтилен (жылына 1,250 млн тонна), бутадиен ( 319 мың тонна), полипропилен ( 80 мың тонна) және т. б. шығаратын зауыттарды іске қосу көзделген. Бұл ретте Теңізде, Қашаған және Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жаңа перспективті жобаларды әзірлеу есебінен мұнай өндіру деңгейін арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мұнай, газ, мұнай өнімдерінің айналымын есепке алуды, электр энергиясын өндіру мен беруді автоматтандыру, іске қосу үшін техникалық шарттарды электрондық түрде беру, тариф құруды автоматтандыру және т. б. салаларды одан әрі цифрландыру бойынша шаралар жоспарланған.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр