ТМД елдерінің жаңалықтары

ТМД елдерінің жаңалықтары15.11.2024

Әзірбайжан ЖЭК бойынша мақсатын жаңартты

QAZAQ GREEN. Әзірбайжан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 35,5 пайызға дейін арттыруды мақсат етіп қойды.

BMG мәліметінше, бұл туралы Әзірбайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазов «Жаңартылатын энергия көздерінің көлемін үш есе арттыру және энергия тиімділігін екі есе ұлғайту үшін инвестицияларды кеңейту» тақырыбындағы министрлік диалогында мәлімдеді.

«Шығыс Зангезурдағы «жасыл» энергетика аймағында қуаты 200 мегаватт болатын күн электр станциясы Әзірбайжандағы мұнай-газ секторын декарбонизациялауға елеулі үлес қосады. Жалпы алғанда, 2030 жылға қарай іске қосылатын қуаты 2 250 мегаватт күн және жел электр станциялары белгіленген қуаттылықтағы жаңартылатын энергияның үлесін 35,5 пайызға жеткізеді. Бұл біздің бұрынғы 30 пайыздық мақсатымызды жаңартып қана қоймай, сонымен қатар энергия жүйеміздегі күн және жел энергиясының үлесін жеті еседен астам арттыратынын білдіреді», – деді Шахбазов.

Министрдің айтуынша, бұл күн электр станциясы әлемдегі ең ірі мұнай-газ терминалдарының бірі – Сангачал терминалын энергиямен қамтамасыз етеді.

 

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр