Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары23.02.2023

Даниялық толқын энергиясы компаниясы краудфандинг арқылы бір апта ішінде €1,4 млн жинады

QAZAQ GREEN. Wavepiston даниялық компаниясы қайта қаржыландыру үшін өзінің краудфандингтік науқанын ашты, әрі, науқан басталғаннан кейін небәрі бір апта ішінде €1,4 млн бастапқы мақсатына қол жеткізді, деп хабарлайды Offshore Energy.

13 ақпаннан бастап Seedrs платформасында көпшілік үшін ашылған екінші Wavepiston краудфандинг науқаны қазірдің өзінде €1,4 млн бастапқы мақсатынан асып түсті. Қосымша инвестициялау үшін 21 күн қалды.

Науқан 2020/2021 жылдардағы сәтті бірінші раундтан кейін өткізілуде, ол науқанда Wavepiston өзінің толқын энергиясын пайдалану технологиясын дамыту үшін 2,4 млн еуро тартқан еді.

Қазіргі краудфандинг науқанынан алынған қаражат көптеген жылдарға созылған ауқымды сынақтар мен әзірлемелерден кейін оның толқын энергиясын технологиясын көрсету мен коммерцияландырудың соңғы кезеңдерін қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтады компания.

«Біз Seedrs-те бір аптаның ішінде жария орналастырудан кейін мақсатымызға 100% қол жеткіздік. Мұны жүзеге асырған 611 инвесторға көп рахмет - сіздердің бізге қосылғандарыңызға қуаныштымыз».

«Біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз және науқанымызды тағы біраз уақыт жалғастырамыз. Бұдан кейінгі кез келген қосымша қаржыландыру біздің толқын мен су энергиясын пайдалану технологиямызды біртіндеп дамыту, сондай-ақ біздің жүйемізді алдағы уақытта коммерцияландыру үшін пайдаланылады», - деп мәлімдеді Wavepiston компаниясы қаржыландырудың мақсатты деңгейіне қол жеткізгеннен кейін.

Wavepiston толқын энергиясын пайдалану жүйесі мұхитта орналастырылған энергия коллекторларынан тұрады. Коллекторлар қысым арқылы теңіз суын шығарады, ол электр генераторлары мен суды тұщыландыру үшін кері осмос қондырғылары орналасқан жағалауға тасымалданады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта компания Канар аралдарының мұхиттық платформасында толқын энергиясын пайдалана отырып, теңіздегі суды тұщыландыру жүйесін көрсетуге дайындығын аяқтауда (PLOCAN).


20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр