Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары09.12.2024

2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болып, температура 1,5°C-тан жоғары болған алғашқы күнтізбелік жыл болады – C3S

QAZAQ GREEN. Биылғы қараша айы соңғы 17 айдың ішіндегі 16-шы ай болды, бұл кезде орташа жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда 1,5°C-тан асып кетті. Сонымен қатар, ол ғалымдардың 2024 жыл бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болады деген болжамдарын растады. Бұл туралы Euronews «Коперниктің климаттың өзгеруі қызметі» (Copernicus Climate Change Service – C3S) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады ЭкоПолитика.

Мамандардың айтуынша, жаһандық орташа температура 14,1°C құрады. Бұл 1991-2020 жылдардағы қараша айларының орташа көрсеткішінен 0,73°C-қа жоғары. Жалпы, биылғы қараша индустрияға дейінгі деңгейден 1,62°C-қа жоғары болды. Осылайша, бұл ай орташа жаһандық температураның индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5°C-тан асқан қатарынан 16-шы айы болды.

«Жылдың соңғы айы бойынша Copernicus деректеріне сүйене отырып, 2024 жылдың бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болатынын және температура 1,5°C-тан асатын алғашқы күнтізбелік жыл болатынын дерлік толық сеніммен айта аламыз», – деді C3S директорының орынбасары Саманта Берджесс.

Дегенмен, ол бұл Париж келісімінің бұзылуын білдірмейтінін, бірақ климаттық амбициялардың өзектілігін айқын көрсететінін атап өтті.

Климаттың өзгеруі қызметінің мамандары 2024 жылды ең ыстық жыл деп санауға температуралық мәліметтердің желтоқсанына дейінгі деректері жеткілікті деп есептейді. Бұл рекорд қазан айында-ақ расталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Бакуде өткен COP29 саммитінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) ғалымдарының баяндамасында әлемнің қауіпті деңгейде қызып бара жатқандығы туралы ескерту айтылды. Олар жаһандық температураның индустрияға дейінгі орташа деңгеймен салыстырғанда 1,3°C-қа өскенін мәлімдеді.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр