Орталық Азия жаңалықтары27.11.2024
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады

QAZAQ GREEN. Қырғыз Республикасының энергетика министрі Таалайбек Ибраев Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Вечерний Бишкек».
Сапар аясында Қырғыз Республикасының Үкіметі мен «Sonnenenergie, a.s.», «AB Progressio GmbH», «LTI ReEnergy CleanTech Project Development UG», «СЭС Токтогул» ААҚ, «СЭС Токтогул КГ» ААҚ компаниялары арасында екі қалқымалы күн электр станциясын салу және пайдалану жобасын іске асыру жөнінде Инвестициялық келісім-шартқа қол қойылды.
Қол қойылған құжаттың негізгі мақсаты – Қырғыз Республикасының жасыл энергетика жобаларына инвестиция тарту, электр энергиясын импортқа тәуелділікті азайту, энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті нығайту.
Құжатқа Қырғыз Республикасының энергетика министрі Таалайбек Ибраев, «Sonnenenergie, a.s.» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ян Зоненшайн, AB Progressio GmbH инвесторы, басқарушы серіктес Арнольд Беренс, LTI ReEnergy CleanTech Projekt Development UG басқарушы серіктесі Михаэль Белльмер, «СЭС Токтогул» және «СЭС Токтогул КГ» компанияларының бас директоры Ануар Топеев қол қойды.
Жоба аясында қуаты 612 МВт болатын қалқымалы күн электр станциясы салынады, ол екі кезеңнен тұрады. Құрылыс жұмыстары төрт жылға дейін созылады.
Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының энергетика министрлігі мен «Siemens Energy Global GmbH & Co. KG» арасында энергетика саласындағы жобаларды зерттеу және іске асыру мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Қырғыз Республикасының энергетика министрі Т. Ибраев пен «Siemens Energy Global GmbH & Co. KG» компаниясының Түркия және Орталық Азия аймақтарындағы вице-президенті Максим Зубов қол қойды.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр