Қазақстан жаңалықтары17.07.2024
ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысына кірісті

QAZAQ GREEN. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және италиялық Eni S.p.A. (Eni) энергетикалық компаниясы Жаңаөзенде күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр стансасының құрылысын бастады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
16 шілдеде Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Eni компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Парламент Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың қатысуымен болашақ гибридті электр стансасының құрылысын бастау рәсімі өтті.
Гибридті жоба электр қуатын Eni Plenitude еншілес компаниясының технологиясымен жаңартылатын энергия көздерінен (жел мен күн), сондай-ақ Eni-дің халықаралық өндірістік тәжірибесін қолдана отырып, энергия теңдігі мен тұрақтылығын қамтамсыз ету үшін соғылатын газ электр стансасынан өндіреді.
Күн электр стансасының қуаты 50 МВт, жел электр стансасы – 77 МВт және газ электр стансасы – 120 МВт құрайды. Гибридті электр стансасы ҚМГ-ның өңірдегі еншілес компанияларына, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және Қазақ газ өңдеу зауытына тұрақты электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл электр қуатының жиі үзілуінің кесірінен өндірістің апатты жағдайда тоқтау қаупінің алдын алмақ.
Құрылыс кезеңінде 800 адамға дейін жұмысқа тартылады, ал кәсіпорын іске қосылғанда 70-ке жуық маман жұмыспен қамтылады. Инвестициялар ҚМГ мен Eni есебінен тең деңгейде бөлінетін болады.
Жоба сондай-ақ компанияның қабылдаған стратегиялық мақсаттарына сәйкес декарбонизация бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуіне және ҚМГ-ның көміртегі ізін азайтуға ықпал етеді. Гибридті жобада өндірілетін электр энергиясының шамамен 40%-ы толығымен «жасыл» энергияға жатады, бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
«Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылмақ. Гибридті электр стансасы ҚМГ-ның аймақтағы мұнай өндіруші компаниялары мен газ өңдеу зауытын тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Жоба Eni-дің халықаралық өндірістік тәжірибесін пайдалана отырып, әртүрлі технологиялардың инновациялық комбинациясын ұсынады. Сондай-ақ жоба Маңғыстау облысын энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандыруды және көміртексіздендіруді көздейді. Оған қоса жаңа кәсіпорын құрылысы өңірдегі жоғары білікті мамандарды жұмыспен қамтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады