Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары26.08.2024

Аукционда рекордтық төмен баға: Атырау облысында бу-газ қондырғысы салынады

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 23 тамызда сағат 12:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы (Атырау облысы) үшін маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №73 бұйрығымен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің көлемі 250 МВт, шекті аукциондық бағаның шамасы – айына 16 299 800 тг / МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 850 МВт құрады. Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 250 МВт құрады.

Өтінімдердің баға диапазоны айына 16 299 800-ден 10 094 000 тг/МВт-қа дейін (ҚҚС-сыз) төмендегені байқалады. Шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 38% - құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «STERNA power» ЖШС анықталды, көлемі – 250 МВт, бағасы - 10 094 000 тг/МВт*ай (ҚҚС-сыз).

Атырау бу-газ қондырғысын пайдалануға берудің күтілетін кезеңі - 2028 жыл.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.


Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

 

24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді