Қазақстан жаңалықтары26.08.2024
ЖЭК аукционы: үш компания Ақтөбе және Жамбыл облыстарында маневрлік генерациялау режимі бар қондырғыларды салады

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 23 тамызда сағат 10:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймағы (Ақтөбе және Жамбыл облысы) үшін маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №73 бұйрығымен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің көлемі 450 МВт, шекті аукциондық бағаның шамасы – айына 16 299 800 тг / МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 121 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 1 870 МВт құрады. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 450 МВт құрады.
Маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықта өтінімдердің баға диапазонының төмендеуі айына 16 299 800-ден 10 500 000 тг/МВт-қа дейін (ҚҚС-сыз) байқалады. Шекті аукциондық бағадан бағаның төмендеуі – 35.58% - құрады.
Келесі қатысушылар аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары болып танылды:
· «GazEnergyQZ» ЖШС, көлемі – 150 МВт, бағасы – 10 500 000 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);
· «Energy Flow Generation» ЖШС, көлемі – 250 МВт, бағасы – 10 500 000.01 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);
· «GES MYRZATAI» ЖШС, көлемі –50 МВт, бағасы – 10 510 000 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз).
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықта бақылаушылар ретінде генерациялаудың маневрлік режимімен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «KAZENERGY» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді