Қазақстан жаңалықтары19.09.2024
Chevron DIF Маңғыстау облысында ЖЭС-ке 19 млн АҚШ долларын инвестициялайды

QAZAQ GREEN. Chevron Direct Investment Fund Ltd. (CDIF) жеке компаниясы Маңғыстау облысындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық энергетикалық компаниямен «КТ сирек металл компаниясы» БК» ЖШС-мен 19 млн долларға инвестициялық келісім жасасты.
Инвестициялар Маңғыстау облысындағы үш жел электр станциясын (ЖЭС) біріктіруді көздейді: Форт-Шевченко ЖЭС, Сервис ЖЭС және Жаңғыз ЖЭС. Бұл мәміленің мақсаты жалпы электр энергиясын өндіру қуаты 58,6 МВт болатын өңірдегі жел электр станцияларының ірі тобын құру болып табылады.
«КТ сирек металл компаниясы» БК» ЖШС қазіргі уақытта Маңғыстау облысында жаңартылатын энергияның ірі өндірушісі Форт-Шевченко ЖЭС-ін оның тиімділігі мен электр энергиясын өндіру қуатын арттыру мақсатында толық жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, «КТ сирек металл компаниясы» БК» ЖШС пайдалануды жүргізудің жаңғыртылған жүйесіне байланысты өзінің негізгі өндірістік персоналын жоғары техникалық талаптарға сәйкес кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Біз Қазақстанға жаңартылатын энергия өндіруге және көміртекті бейтараптық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жел электр станцияларына инвестициялар туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бұл жоба экономиканы дамытуға, жұмыс орындарын құруға, қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға және тұрақты дамуға үлес қосады», – деді Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
CDIF мақсаты ақпараттық технологияларды, қоршаған ортаны қорғауды, тауарлар өндіруді және мұнай-газ саласында қызметтер көрсетуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, әр түрлі салалардағы коммерциялық пайдалы кәсіпорындарға инвестициялау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға оң үлес қосу болып табылады.
«Компания әр түрлі салаларда жергілікті кәсіпорындарды дамыту мақсатында Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарауды жалғастыруда және әлеуетті өтінім берушілерді CDIF сайтына өтуге шақырады, онда іріктеу критерийлерін, инвестициялық процестің сипаттамасын, сондай-ақ қаржыландыруға өтінім нысанын қоса алғанда, барлық қажетті ақпаратты табуға болады», – деп қорытындылады CDIF.
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді