Қазақстан жаңалықтары25.09.2024
КЭС құрылысы бойынша баға 58%-ға төмендеді

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 25 қыркүйекте ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті, деп хабарлайды KOREM.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 53 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі – 140 МВт. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезіндегі 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34.61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясы барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34.61-ден 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді.
Аукцион қорытындысы бойынша «DALA SOLAR» ЖШС жеңімпаз ретінде танылды, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукцион бағасы 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналастыру жоспарлануда.

Бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт құрайтын КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша 2024 жылғы кезекті қорытындылаушы аукциондық сауда-саттық 2024 жылдың 26 қыркүйегіне белгіленді.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр