Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары30.09.2024

Аукцион қорытындысы: Қызылорда облысында қуаты 20 МВт КЭС салынады

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 26 қыркүйекте жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысы бойынша жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өтті, деп хабарлайды KOREM.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылы КЭС салу жобаларын іріктеу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 34.61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 42 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 140 МВт құрады.

Сауда-саттық сессиясы барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34.61-ден 14.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді. Бағаның бастапқы аукциондық бағадан 58.91%-ға төмендеуі байқалады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша «Vigor Holding» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаның белгіленген қуаты – 20 МВт, жобаның аукциондық бағасы 14.22  теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қызылорда облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҚР ҰКП және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты.

Айта кету керек, аукциондық сауда-саттық Кестесіне сәйкес жалпы белгіленген қуаты 160 МВт құрайтын КЭС түрі бойынша биыл 4 аукцион өткізілді. КЭС түрлері бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысына сәйкес баға бастапқы құнынан екі еседен астамға түсті, ал ең төменгі баға 14.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) болды. Жобаларды ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағында орналастыру жоспарлануда.  

СЭС, ЖЭС, БиоЭС түрлері бойынша келесі аукциондық сауда-саттықты өткізу 2024 жылдың қараша айына белгіленді. Осыған орай, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «КОRЕМ» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды іске асыруды көздейтін барлық мүдделі тұлғаларды ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

 

22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты