Қазақстан жаңалықтары23.12.2024
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады

QAZAQ GREEN. Рудныйдың аумағында жаңартылатын энергия көзі пайда болады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Кумар Аксакалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Облыс басшысы соңғы жылдары Қостанай өңірінде баламалы энергия көздерін дамытуда айтарлықтай қадам жасалғанын атап өтті. Қолданысқа енгізілген жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 2022 жылы 50 МВт-тан 2024 жылы 98 МВт-қа дейін екі есеге жуық өскен. Бұл жаңа жел электр станцияларының құрылысымен жүзеге асырылуда.
«Бүгінде облыста электр энергиясын тұтыну (0,45 ГВт) өндіруден (0,12 ГВт) 4 есе көп. Өңір жасыл энергияны белсенді дамытып жатыр: алдағы жылдары жаңа жел станцияларын, сондай-ақ күн және газ-поршенді электр станцияларын салу жоспарлануда. Алайда нағыз серпіліс Рудный қаласында ірі жобаның іске асырылуы болмақ. Мұнда 1 ГВт қуаттылықтағы жел электр станциясы салынады», – деді әкім.
Станция 165 жел турбинасымен жабдықталады. Бұл құрылым өңірдегі электр энергиясын өндіру көлемін 9 есе арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, «жасыл» жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтағы электр энергиясын өндіру 9 есе өседі (0,12 ГВт-тан 1,12 ГВт-қа дейін) және облыстың электр қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр