Қазақстан жаңалықтары24.12.2024
Satbayev University ғалымдары күн энергиясы панельдерін өндіруді бастады

QAZAQ GREEN. Сәтбаев университетінің Физика-техникалық институтының ғалымы Николай Чучвага бастаған ғалымдар тобы күн энергиясын баршаға қолжетімді ету мақсатында «Ғылым қорының» қолдауымен және «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесе отырып, «Гетероқұрылымды күн элементтері негізіндегі күн модульдерін өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік цех» ашты, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бұл – күн панельдерінің жаңа буынын өндіретін ерекше цех. Мұнда ғимараттардың қасбеттері мен терезелерінің элементтері ретінде пайдалануға болатын жаңа панельдер өндіріледі.
Панельдердің дизайнын тапсырыс берушінің талғамына қарай өзгертуге болады. Бұл әдіс ғимараттың эстетикасын сақтай отырып, энергия өндіретін панельдерді сәулет элементтерімен үйлестіруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, цехтың іске қосылуы – Қазақстанның күн энергетикасын дамытудағы маңызды қадам, ол еліміздің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр