Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары15.04.2025

ЖЭК корпоративтік РРА-келісімшарттар нарығын дамыту перспективалары



Тимур Шалабаев, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының атқарушы директоры   

Екіжақты (корпоративтік) ЖЭК келісімшарттары – жаңартылатын энергия өндірушісі мен тұтынушы арасындағы электр энергиясын алдын ала келісілген бағамен және белгілі бір мерзімге сатуды және сатып алуды реттейтін келісім. Бұл жағдайда ЖЭК-тен электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алушы тұтынушы болып табылады.  

ЖЭК екі жақты келісімшарттарын дамытудың негізгі мақсаты сатып алушылар үшін тұтынылатын электр энергиясын өндіру көзін өз бетінше таңдау мүмкіндігін жасау болып табылады, ал бұл ретте ЖЭК электр энергиясын өндіруші өз қызметін қаржыландыруды жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, ЖЭК екіжақты келісімшарттары келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн:

‒  Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға тәуелділіктің болмауы;
‒  Электр энергиясының әділ құнын анықтау;
‒ ЖЭК қолдау заңнамасындағы өзгерістерден және көміртек ізін төмендету жөніндегі халықаралық талаптардан тәуекелдерді хеджирлеу мүмкіндігі;
‒  Электр энергиясын сатып алушының экологиялық міндеттемелерді орындауы;
‒ Сатып алушы мен сатушы үшін электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді жоспарлауын ұйымдастыру;
‒  ЖЭК-тің энергия жүйесіне теріс әсер ету деңгейін төмендетуге арналған шешімдердің бірі. 

  

BloombergNEF есебіне сәйкес, корпорациялар 2023 жылы 46 ГВт күн және жел энергиясын сатып алу туралы келісімдерді (PPA) жариялады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. 

2022-2023 жылдар аралығында Еуропадағы корпоративтік PPA көлемі 74%-ға өсіп, 15,4 ГВт-қа жетті – бұл барлық аймақтар арасындағы ең үлкен өсім. BloombergNEF хабарлағандай, «2022 жылы аймақтағы энергетикалық дағдарыстан кейін жеткізу тізбегіндегі проблемалар жеңілдеп, газ теңгерімі қалыпқа келгендіктен, аймақтағы корпоративтік PPA бағалары көбінесе электр энергиясының бағасынан тезірек төмендеді».

Америка Құрама Штаттары электр энергиясын сатып алу туралы келісімдердің (PPA) ең үлкен нарығы болып қала береді: жарияланған мәмілелер көлемі 17,3 ГВт құрады, бірақ 2022 жылы қол жеткізілген рекордтық 20,6 ГВт-пен салыстырғанда жыл сайын көлемі 16%-ға төмендеді.

Жаңартылатын энергияны ілгерілету мақсатында бүкіл әлемдегі ірі корпорациялар мен компаниялар RE-100 бастамасына қосылды. RE100 – жаңартылатын энергияны 100% пайдалану қағидатын ұстанатын жүздеген ірі және өршіл компанияларды біріктіретін жаһандық корпоративтік жаңартылатын энергия бастамасы. RE100-ге мүше компаниялар қазірдің өзінде орташа елді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті жаңартылатын электр энергиясына сұранысты қамтамасыз етуде.

RE100 420-дан астам ірі компанияларды біріктіреді, олардың қатарында: Apple, Airbnb, Samsung, Adobe және басқалары бар. Қазіргі уақытта RE100 компаниялары 440 ТВтсағ таза электр энергиясын сатып алды және 2040 жылға қарай 100% көміртексіз электр энергиясын тұтынуға қол жеткізуге ұмтылуда.

2022 жылдың қорытындысы бойынша RE100 компанияларының 31%-ы жаңартылатын электр энергиясын екіжақты РРА-келісімшарттар тетігі арқылы сатып алды. Есептілік физикалық және виртуалды PPA, сондай-ақ электр жеткізушілерімен бөлшек және жобалық келісімшарттар арасындағы айырмашылықты анықтайды.

RE-100 бастамасы мүшелерінің электр энергиясын сатып алу мәмілелерінің шамамен 41%-ы энергияның шығу тегі туралы сертификаттарды (Energy Atribute Certificate) сатып алу арқылы жүзеге асырылды. Оларды әдетте физикалық электр энергиясын бермейтін үшінші тарап бөлшек саудагерлері сатады. Алайда, осы жағдайлардың барлығында EAС сатып алушылары электр энергиясын желіден тұтынады және жаңартылатын энергия туралы шағымдарды негіздеу және шығарындыларды азайту үшін сертификаттарды пайдаланады.

Amazon төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең ірі корпоративті таза энергия сатып алушысы болды. Ол 16 елде 8,8 ГВт PPA, оның ішінде 5,6 ГВт күн PPA келісімшарты туралы жариялады. Компанияның таза энергия портфелі 33,6 ГВт құрайды, бұл Бельгия мен Чили сияқты нарықтардағы электр энергиясын өндіретін парктерге қарағанда үлкен. Amazon компаниясынан кейін күн энергиясында 3,1 ГВт PPA жариялаған Meta келеді.

BloombergNEF деректері бойынша, RE100 бастамасы бойынша 100% таза энергияға бағытталған компаниялар 2030 жылға қарай қосымша 105 ГВт күн мен жел энергиясын қажет етеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2030 жылға дейінгі болжамына сәйкес корпоративтік РРА бәсекелестік аукциондық сауда-саттықтан кейін ЖЭК дамуының екінші маңызды факторы болып табылады. Бүгінгі таңда Испания, Италия, Польша, Швеция, Германия, Франция, Ұлыбритания және Данияда ЖЭК қуаттының шамамен 20%-ы корпоративтік секторға тиесілі. Еуропа елдеріндегі мұндай корпоративтік РРА негізінен тартымды, өйткені олар бөлшек сауда тарифтерінің ауытқуынан сақтандырғысы келетін ірі өнеркәсіптік тұтынушылар үшін энергия бағасының ұзақ мерзімді көрінуін қамтамасыз етеді.

Корпоративтік PPA енгізуге 2024 жылдың сәуірінде өткізілген электр энергиясы нарығының реформасы да ықпал етеді. Еуропарламент қабылдаған негізгі түзетулерге қазба емес энергияны жеткізуге, таза және икемді шешімдерді енгізуге және нарықтың ашықтығын арттыруға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттарды ынталандыру кіреді. Осылайша, жаңалықтардың бірі мемлекеттік қаржыландыру қажет болатын төмен көміртекті энергия өндірісіне жаңа инвестициялар үшін баға айырмашылығына арналған екіжақты келісімшарттар (CFD) болып табылады. Бұл дегеніміз, ұлттық билік электр энергиясын өндірушілермен энергия бағасының алдын ала белгіленген диапазондарымен келіседі. Бұл бәріне тиімді: өндіруші өз тұтынушыларына қажетті энергия көлемін бере отырып, энергияны болжамды бағамен сата алатынына сенімді бола алады. Екіжақты айырмашылық келісімшарттары маңызды емес салаларда электр энергиясын сатып алу туралы келісімдер (PPA) көтермеленеді. Олар да ұзақ мерзімді тұрақтылықты қалыптастыратын әсерге ие.

Корпоративтік PPA-ға қосымша сұраныс алдағы жылдары қолдау мерзімі аяқталатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар тарапынан күтіледі.

Қазақстанда корпоративтік РРА-келісімшарттарды дамыту

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі нормалар бекітілген:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңы (Заңның 9 – бабының 2-тармақшасы) - «1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша:

1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізуге құқылы».


Корпоративтік РРА-келісімшартты іске асырудың алғашқы мысалы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Eni S.p.A. итальяндық энергетикалық компаниясының (Eni) гибридті жобасы болып табылады.

Гибридті жоба Eni Plenitude еншілес компаниясы әзірлеген жаңартылатын энергия көздерінен (жел мен күн) электр энергиясын, сондай-ақ Eni халықаралық өндірістік тәжірибесін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді теңестіру және тұрақтандыру үшін газ электр станциясын біріктіріп өндіруді көздейді.

Күн электр станциясының қуаты 50, жел станциясының қуаты – 77 МВт және газ станциясының қуаты – 120 МВт құрайды. Гибридті электр станциясы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚазГӨЗ» ЖШС қоса алғанда, өңірдегі ҚМГ еншілес компанияларына электр энергиясын тұрақты және сенімді жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл электрмен жабдықтаудың жиі үзілуіне байланысты өндірісте апаттық тоқтау тәуекелін жояды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобасын іске асыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі жобаға қатысушылар: ЖЭК энергия өндіруші ұйымы, гибридті топтың әкімшісі және гибридті топтың тұтынушылары, сондай-ақ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығымен өзара қарым-қатынастарды нормативтік-құқықтық бекіту үшін Гибридті топтарды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірледі. Осылайша, анықтамаға сәйкес гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы. Гибридті топтың әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға. Гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖЭК жобаларын іске асыруды қолдау тетіктерінің бірі «басым тұтынушы» болып табылады.

Басым тұтынушылар (бұдан әрі – БТ) – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар.

Тарихи тұрғыдан алғанда, басым тұтынушы тетігі мұндай ұйымдар ай сайын ҚЕАО-да осы БТ құрамындағы ЖЭК көлемінен қысқарта отырып, өз электр энергиясын желіге жіберу үлесіне пропорционалды электр энергиясының көлемі үшін төлейді және өтпелі үстеме арқылы босату тарифіндегі шығындарды ескере отырып, электр энергиясын түпкілікті тұтынушыларға бөледі деп болжады.

Осы тетік бойынша 2022 жылы «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС отын-энергетикалық кешенінің стратегиясы шеңберінде Балқаш КЭС станциясының 50 МВт құрылысының 1-кезеңі іске асырылды.  «Қазақмыс» тобы – негізгі активтері тау-кен өндіру саласында және түсті металлургияда шоғырланған тігінен интеграцияланған холдинг. «Қазақмыс» концентратта мыс шығару бойынша әлемде 20-орынды (271 мың тонна), тазартылмаған және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынды (алыс-беріс шикізатын ескере отырып, тиісінше 377 және 365 мың тонна) алады.

2020 жылы «Қазақмыс» тобының қосқан үлесі Қазақстан Республикасына күміс өндіруші елдердің әлемдік рейтингінде 11-орында тұруға мүмкіндік берді (279 тонна, елдегі жалпы өндірістен 51%).

«Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) құрамына екі станция – Жезқазған ЖЭО және Балқаш ЖЭО кіреді, осылайша Қазақмыс корпорациясының өндірістік объектілерін және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларының тұрғындарын, басқа аудандарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Балқаш КЭС 140 гектар жерді алып жатыр, оның 70 гектарына жабдық орнатылған. Қалған 70 га жер 50 МВт 2-кезеңнің құрылысына дайындалған. 1-кезең көлемінде 50 МВт қуатты өндіру үшін 94 150 дана екіжақты фото-электр модульдері, әрқайсысының қуаты 6250 кВ 8 дана инвертор-трансформатор станциялары, 220/20 кВ қосалқы станциясы, ұзындығы 2,5 км 220 кВ әуе желісі орнатылды, «Kazakhmys Distribution» ЖШС-не тиесілі «Қоңырат» 220/110/10 кВ қосалқы станциясы кеңейтілді. 50 МВт күн электр станциясы жылына 80 млн кВт/сағ астам электр энергиясын өндіруге арналған.

Алайда, нарықты реформалау және бірыңғай сатып алушы тетігін енгізу нәтижесінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап білікті тұтынушы тетігі заңнамалық арнада одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Аукциондық сауда-саттықтан тыс жүзеге асырылатын кәсіпорынның өз қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік ауқымдағы тағы бір ЖЭК жобасы Solidcore Resources Plc компаниясының күн станциялары жобасы болып табылады. Осылайша, жоба бес жыл ішінде Абай және Қостанай облыстарында жалпы белгіленген қуаты 39,6 МВт 2 күн электр станциясын салуды көздейді. Реттеуші қуат ретінде күн станцияларының тұрақсыз генерациясын жабу үшін белгіленген қуаты 40 МВт бір газ мікбасты маневрлік станция салу жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 9 90 млн АҚШ долларынан асады.

Айта кету керек, бүгінгі күні ЖЭК екіжақты корпоративтік келісімшарттар нарығының одан әрі дамуына әсер ететін бірқатар елеулі кедергілер бар.

Біріншісі. Екіжақты келісімшарттар бойынша бөлшек тұтынушыларға ЖЭК электр энергиясын сатудың мүмкін еместігі.

«Бірыңғай сатып алушы» жаңа тетігі енгізілгеннен кейін ЖЭК энергия өндіруші ұйымы (бұл мысалда шағын ГЭС) бөлшек сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын жеткізуші бола алмайды. Бұл энергиямен жабдықтаушы ұйым болуы керек. Осыған байланысты ЖЭК станциялары электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен электр энергиясын сатуға екіжақты шарттар жасасуы қажет.

Атап айтқанда, бірқатар шағын ГЭС: Тасөткел ГЭС 1, Тасөткел ГЭС 2 («Компания А&Т энерго» ЖШС); Қарақыстақ ГЭС («Жамбыл ГЭС» ЖШС); Меркі ГЭС 1, Меркі ГЭС 2 («Гидроэнергетикалық компания» ЖШС); Меркі ГЭС 3 («Ремкоммстрой» ЖШС); Успеновка ГЭС («Қайнар-АКБ» ЖШС); Антоновка ГЭС («Қаратал ГЭС каскады» ЖШС); «Ақсу ГЭС» ЖШС; Сарқанд ГЭС («Фирма Тамерлан» ЖШС); 3 станция - Дархан, Рысжан, Қошқарата («Келесгидрострой» ЖШС); Қордай ЖЭС («Изен су» ЖШС») бірыңғай сатып алушы енгізілгеннен кейін шалғай, жету қиын жерлерде орналасқан бөлшек тұтынушыларға (тұрғындар, шипажайлар, демалыс үйлері, шаруа қожалықтары және т.б.) электр энергиясын жеткізу бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыруды жалғастыра алмады.

2024 жылғы маусымда қабылданған түзетулердің арқасында ЭЖҰ-ны шағын ГЭС-тен электр энергиясын басым тәртіппен сатып алуға міндеттейтін норма бекітілді. Атап айтқанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар басым тәртіппен 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеге бірыңғай сатып алушымен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарттары жасалмаған, оларға қызмет көрсету аймағындағы жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын гидроэлектрстанциялардан электр энергиясын электр энергиясының шекті тарифі бойынша сатып алады. Бұл ретте осы гидроэлектрстанциялардан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде электр энергиясын сатып алуға жол беріледі.

Екіншісі. Екіжақты келісімшарттарды іске асыру шеңберінде теңгерімдеуші қуаттардың болуы бойынша жүйелік оператордың талаптары.

Электр желілерінің қағидаларына сәйкес (2-тараудың 4-тармағы) электр станциясының қуатын беру схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған тиісті ұйыммен (энергия беруші немесе энергия өндіруші), жүйелік оператормен келісіледі.

Бұл ретте, жүйелік оператор реттеу қуаттары болған жағдайда ғана қуат беру схемасын келіседі. Мәселен, жобаны «ҚЕАО» ЖШС арқылы қолдауынсыз екіжақты шарттар шеңберінде іске асыру ниеті болған жағдайда, осы жобаны іске асырудың қажетті шарты (Қазақстан БЭЖ-де реттеуші қуаттың тапшылығын ескере отырып, нәтижесінде ЖЭК тұрақсыз объектілері үлесінің өсуі Қазақстан БЭЖ жұмысының сенімділігінің төмендеуіне қауіп төндіреді) арыз берушіден жиілік пен қуатты автоматты реттеуге қосыла отырып, реттеу қуаты жобасын ұсыну және «KEGOC» АҚ-мен Қазақстан БЭЖ-де электр қуатын реттеу бойынша қызметтер көрсетуге тиісті шарт жасасу болып табылады (келісім жобасы қоса беріледі). Бұл ретте реттеу қуаты ретінде қазіргі уақытта Қазақстанның БЭЖ қуатының теңгеріміне қатысы жоқ маневрлік генерациялаушы қуаттар ұсынылуы тиіс. Баламалы нұсқа ретінде КЭС-ті белгіленген КЭС қуатының 50% қуатымен және төрт сағат ішінде жинақтағыштың белгіленген қуатын беру үшін жеткілікті сыйымдылықпен энергия жинақтағышпен жарақтандыруды қарауға болады.

Осы орайда жоғарыда көрсетілген жаңартылатын энергия көздері жобаларының мысалдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Solidcore Resources Plc газ генерациясын теңгерімдеуші қуат ретінде пайдалану туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта елімізде теңгерімсіздіктерді реттеуге қатысу мақсатында ЖЭК жобаларымен байланысты іске асырылған BESS жүйелерін пайдаланудың мысалдары жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның себебі – мұндай жүйелерді пайдалану тәжірибесінің болмауы, іске асырудың жоғары күрделі шығындары және BESS деградациясымен және қуатты сақтау қажеттілігімен байланысты операциялық шығындар.

Үшіншісі. Корпоративтік РРА-келісімшарттар сегментін дамыту үшін нормативтік базаның болмауы.

ЖЭК нарығын дамыту құралдарының бірі корпоративтік РРА-келісімшарттар сегменті болып табылады, мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар көміртегі ізін азайту үшін ЖЭК генераторымен «жасыл» электр энергиясын сатып алу бойынша тікелей келісімшарт жасасады. Бүгінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру шеңберінде өнеркәсіп секторындағы компаниялардың көпшілігі корпоративтік деңгейде өндірістік процестерді көміртексіздендіруге бағытталған стратегияларды қабылдады. Бірақ корпоративтік РРА-келісімшарттар сегментін реттеудің болмауына және тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеу қажеттілігіне байланысты ЖЭК заңының қолданыстағы нормасы жұмыссыз күйінде қалуда, бұл ЖЭК электр энергиясын сатып алу-сату корпоративтік шарттарын дамытудың тиісті түрде дамымауына әкеледі.

Мұндай сценарийге жол бермеу, сондай-ақ көміртегі бейтараптығы бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ҚР Үкіметімен және ЖЭК нарығымен бірлесіп ЖЭК корпоративтік РРА-келісімшарттарын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту жолымен елде ЖЭК-ті дамытуға икемді тәсілді көздеу қажет.

Төртіншісі. Басым тұтынушы тетігін жетілдіру қажет.

Осылайша, ЖЭК жобаларын БТ тетігі арқылы жүзеге асыратын компаниялар келесі проблемаларды атап өтеді.

Біріншіден, бірыңғай сатып алушы енгізілгеннен кейін заңнамада ұғымдық сәйкессіздіктер пайда болды. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 165-бабына сәйкес ЖЭК пайдаланатын және БТ шеңберінде жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар тұлғалар тобына айқындалады. Сонымен қатар, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 15-5-бабына сәйкес уәкілетті орган тұлғалар тобын электр қуатын құру жөніндегі тұлғалар топтарының тізіліміне енгізеді. Алайда, мысалы, басым тұтынушының құрамына кіретін дәстүрлі отынмен энергия өндіруші ұйымдардың тұлғалар тобының тізілімінен шығу жағдайлары орын алады. Осылайша, ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының ұғымдық аппараты тұрғысынан мұндай жобалар басым тұтынушыларға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келуді тоқтатады, дегенмен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес олар «тұлғалар тобына» жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келеді. Осылайша, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы бойынша электр қуатын құру жөніндегі тұлғалар тобын тізілімнен шығару басым тұтынушы тетігінен тұлғалар тобын алып тастау өлшемшарты болуға тиіс емес.

Екіншіден, тұтынушы БТ тетігінде электр энергиясын бір сатып алушыдан да, онымен бірге бір топқа кіретін ЖЭК бойынша энергия өндіруші ұйымнан да сатып алуға тура келеді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынатын ЖЭК электр энергиясының үлесі бар екенін назарға ала отырып, тұтынушы ЖЭК электр энергиясының «қосарланған» көлемін сатып алады, ол бүгінгі күнге дейін сальдоға алынбайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, заңнамалық актілерде тұлғалар тобы ішінде электр энергиясын өткізу мүмкіндігі болғандықтан, одан әрі әр түрлі оқуды болдырмау және басым тұтынушылар тетігі арқылы ЖЭК жобаларын іске асыру үшін «берік» нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру үшін ілеспе заңнамалық актілерді толық сәйкестікке келтіру керек деп санаймыз.

Осы мақсатта келесі қадамдар қажет:

1. Тұлғалар тобы құрамындағы тұтынушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да, ЖЭК бойынша энергия өндіруші ұйымнан да басым тұтынушы қағидаты бойынша сатып ала алатын және онымен бірге тұлғалардың бір тобына кіретін ЖЭК бойынша энергия өндіруші ұйымнан осындай электр энергиясын сатып алу есебінен бірыңғай сатып алушыдан ЖЭК электр энергиясына жұмсалатын шығындардың көлемін азайта алатын заңнамадағы нормаларды қарастыру.

2. Басым тұтынушы тетігі бойынша ЖЭК жобаларын іске асырған ұйымдар үшін электр энергиясын сатып алуды қайта есептеу (сальдо) тетігін енгізуді / тұлғалар тобындағы тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар үлесін қайта бөлуді қарастыру.

3. Нормативтік-құқықтық өрісте «тұлғалар тобы» (ҚР Кәсіпкерлік кодексі), «тұлғалар тобының тізілімі» («Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы), «басым шартты тұтынушы» (Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидалары) ұғымдарын сәйкестікке келтіру.

Осылайша, корпоративтік РРА-келісімшарттар секторын дамыту елде ЖЭК дамытуға жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, көміртегі өнеркәсібін төмендетуге де жәрдемдесе алады.

16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді