Қазақстан жаңалықтары12.09.2025
Қазақстанның энергетикалық трансформациясы: Ақтауда QazaqGreenFest IV Халықаралық жаңартылатын энергетика фестивалі өтуде
QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 12-13 қыркүйекте Ақтауда «Энергетикалық трансформация: жаңартылатын энергия көздерінен баламалы энергетикаға» ұранымен QazaqGreenFest жаңартылатын энергетика бойынша IV халықаралық іскерлік фестивалі өтуде. Іс-шара алғаш рет Маңғыстау облысында Rixos Water World Aktau алаңында өтті және жүздеген қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялардың, қаржы институттарының және академиялық қоғамдастықтың өкілдерін жинады.
Фестивальді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырды және Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытудың стратегиялық мәселелерін талқылау үшін дәстүрлі алаңға айналды. Дамудың 16 жылында елдегі ЖЭК секторы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: бүгінде жиынтық қуаты 3,2 ГВт-тан асатын 150-ден астам нысан жұмыс істейді, ал «жасыл» энергияның үлесі 1 триллион теңгеден астам шетелдік инвестициялардың жалпы көлемімен 7%-ға жетті.
Талқылаудың негізгі екпіндерінің бірі энергетикалық ауысу саласындағы мемлекеттік саясат болды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов нормативтік базадағы сапалы өзгерістерді атап өтті: «2023-2024 жылдары үй шаруашылықтары, шағын және орта бизнес үшін шағын ауқымды жаңартылатын энергия көздерін дамытуды реттейтін заң қабылданды». Қазіргі уақытта ҚР Президентінің бастамасымен «Баламалы энергия көздері туралы» жаңа заң жобасымен белсенді жұмыс жүргізілуде.
ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов өзгерістердің жүйелі сипатын атап өтті: «Қазақстан алдына өршіл, бірақ аса қажетті мақсат қойды – 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Алдағы бес жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерінен 6,3 ГВт қуатты іске қосу жоспарланып отыр, бұл еліміздің энергия теңгеріміндегі олардың үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сутегі энергетикасын дамытуға, «жасыл» энергия өндіруге, өнеркәсіптік газдарды өңдеуге және жинақтау жүйелерін енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл қадамдар энергетикалық сектордың нақты өзгеруіне негіз болады.
Инфрақұрылымның жай-күйін, технологиялық дайындық деңгейін және азаматтар мен бизнестің мүдделерін ескеру маңызды. Мемлекеттің, Парламенттің, сарапшылық қоғамдастықтың және саланың бірлескен күш-жігерімен ғана Қазақстанның баламалы энергетикасының барлық әлеуетін ашатын тиімді және теңгерімді заңнамалық база құруға болады».
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңірдің бірегей географиялық жағдайын атап өтті: «Біздің стратегиялық артықшылығымыз – Қазақстанның Каспий қақпасы. Ақтау және Құрық порттары Орта дәліздің негізгі буынына айналуда». Жаңартылатын энергияны Еуропаға экспорттау үшін Каспий теңізінің түбінде суасты кабелімен жасыл энергетикалық дәліз құру жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов саланың даму серпінін атап өтті: «Бір кездері ЖЭК үлесінің 3%-на қол жеткізу табыс болып саналды, ал бүгінде бұл көрсеткіш 7%-ға жақындады. Бұл – біз бұдан да көп нәрсеге қабілеттіміз деген сөз: технологиялық жағынан жетілген, құзыретті әрі тұрақтырақ". Ол жаңа технологиялардың – сутегі, синтез-газ, өнеркәсіптік газдарды кәдеге жарату, шығарылатын жылу алғаш рет көрініс табатын жаңа заңнаманың маңыздылығын атап өтті. ЖЭК секторы үшін заң жаңа мүмкіндіктер ашады: екіжақты корпоративтік РРА- келісімшарттарын дамыту, энергияны жинақтау жүйелерін (BESS) енгізу.
Фестиваль жұмысына ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, «KEGOC» АҚ басқарушы директоры Нұржан Керімқұлов, ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева, сондай-ақ TotalEnergies, Huawei, Plenitude Kazakhstan халықаралық компанияларының басшылары және жетекші қазақстандық университеттердің ректорлары қатысты.
Маңғыстау облысында Қазақстан тарихындағы алғашқы корпоративтік PPA іске асыруға ерекше назар аударылды. Нұрлан Қапенов атап өткендей: «Дәл осы жерде Қазақстан тарихындағы алғашқы корпоративтік PPA жүзеге асырылып жатқаны символдық мәнге ие. Бұл – күн, жел және газды біріктіретін 247 МВт қуатты гибридті электр станциясы. Бұл жоба Қазақстанның нарықтың жаңа үлгілеріне дайын екендігін көрсетеді».
Фестивальдің іскерлік бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылады:
• Маңғыстау облысының әкімдігі мен Qazaq Green қауымдастығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
• KEGOC АҚ мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;
• Qazaq Green қауымдастығы мен ECOSIONA (Испания) компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум.
Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген Нұрлан Қапенов Қазақстанның бірегей мүмкіндіктерін атап өтті: «Бізде көптеген елдерде жоқ бірегей артықшылық бар: кең байтақ дала, күн мен жел. Мұның бәрі – бізге табиғаттың өзі сыйға берген сарқылмас энергия. Ол жаңартылатын, таза және қауіпсіз».
Фестивальдің қорытынды құжаты дәстүрлі түрде Хартия – ЖЭК іскерлік қауымдастығынан ҚР Үкіметіне алдағы жылдарға саланың даму бағытын айқындайтын үндеуі болады. Құжатта заңнаманы жетілдіру, жаңа технологияларды дамыту және Қазақстанның жаңартылатын энергетика саласындағы ұстанымын нығайту бойынша нақты ұсыныстар бекітілген.
Фестиваль Қазақстанның технологиялық прогресс, экономикалық даму және экологиялық жауапкершілік арасындағы теңгерімге негізделген энергетикалық трансформацияның келесі кезеңіне дайындығын көрсетті. Келесі QazaqGreenFest V халықаралық фестивалін 2026 жылы өткізу жоспарлануда.
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді