Қазақстан жаңалықтары25.09.2025
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады

QAZAQ GREEN. Қостанайда ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбектің Қостанай облысы тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ол энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қостанай облысында газдандыру жұмыстары жалғасуда – бүгінгі таңда өңірдің газдандыру деңгейі шамамен 60%-ды құрайды. 2025 жылы төрт жобаны іске асыруға 3,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 5,7 мың адамды қосымша табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында жылу және электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту қолға алынған. Аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша жалпы қуаты 250 МВт болатын төрт жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, қуаттылығы 1 ГВт болатын және энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жобасы таңдалды. Жоба 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Тұрғындар кездесу барысында белсенділік танытып, газ және жылумен қамту, желілерді жөндеу және өзге де маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Вице-министр барлық сауалдарға нақты жауаптар мен түсіндірмелер берді.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр