Қазақстан жаңалықтары26.11.2025
Энергетика министрлігі мен PowerChina зерттеу орталығын құрады
QAZAQ GREEN. Қытайдың PowerChina компаниясы энергетикалық ауысу жобаларын тиімді жүзеге асыруға арналған, машиналық оқыту мен жасанды интеллект технологияларына негізделген жаңа цифрлық платформасын таныстырды.
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов PowerChina Chengdu компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар цифрландыру, «ақылды» құрылыс және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде қытай тарапы ЖЭК және энергетикалық құрылыс бағыттарына арналған PowerChina-ның цифрлық шешімдерін ұсынды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия нысандарын жоспарлау платформасы және жасанды интеллект технологияларын қолданатын жобалау мен құрылыс үдерісін мониторингтеу жүйесін көрсетті.
Аталған шешімдер энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау негізінде кешенді цифрлық трансформацияны қамтамасыз етеді. Олар жобалау мен құрылыстан бастап ЖЭК нысандарын пайдалануға беруге дейінгі толық циклді басқаруға мүмкіндік беретін цифрлық экожүйе қалыптастырады. Бұл технологиялар Қытайда және басқа да елдерде жүздеген ЖЭК жобасында табысты қолданылған.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында ҚР Энергетика министрлігі мен PowerChina компаниясы кеңауқымды ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат аясында энергетикалық ауысу саласындағы бірлескен зерттеу орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесуде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ұсынылған цифрлық құралдардың өзекті міндеттерді шешудегі әлеуетін атап өтті.
Бұл технологиялар процестерді жеделдетіп, шешім қабылдаудың дәлдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер энергетика саласында ғана емес, басқа салаларда да қолданылады. Мемлекет Басшысы жасанды интеллектіні енгізу мен дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Біз де өз тарапымыздан мұндай бастамаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз, - деді ол.
Тараптар бірлескен бастамаларды жалғастыруға және еліміздің энергетика саласына озық цифрлық технологияларды енгізу бойынша өзара ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді