Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары03.10.2022

Түркі мемлекеттері ұйымының энергетика министрлері 2027 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

QAZAQ GREEN.  2022 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің (ТМҰ) 2-ші отырысы бірінші рет бетпе-бет форматта өтті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрі – Болат Ақшолақов, Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі – Парвиз Шахбазов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы – Таалайбек Ибраев, Түркия Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрі – Фатих Донмез, Петер Сиарто – Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі, Әзім Ахмедхаджаев – Өзбекстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы – Бағдад Әміреев қатысты.

Министрлер ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушылардың энергетикасын тұрақты дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстан ТМҰ-ға қатысушы және бақылаушы барлық елдермен екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытуда. «Осы кезеңде энергетикалық ынтымақтастықты талқылау бойынша ортақ, барлық елдер үшін қолайлы тәсілдерді табу және байланыс нүктелерін терең зерделеудің кезі келді деп санаймын», – деп атап өтті Болат Ақшолақов.

ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің екінші отырысында ТМҰ энергетикалық ынтымақтастық бағдарламасы (2023-2027) және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары сияқты таяудағы 5 жылға арналған өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды құжаттарға қол қойылды.

Отырыс аясында Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан министрлерімен екіжақты кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 27-28 қыркүйекте ТМҰ энергетикалық ынтымақтастық бағдарламасын (2023-2027) және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу мақсатында энергетика саласындағы ТМҰ жұмыс тобының отырысы өткенін атап өтеміз. Сонымен қатар, Қазақстанда ЖЭК аукциондық сауда-саттығын өткізу бойынша семинар өтті.

24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде