Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары20.12.2022

Қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі Комиссия өз жұмысын аяқтады

QAZAQ GREEN.  Өңірлерде жүргізілген көшпелі тексеру қорытындысы бойынша жылу энергиясын берудің шектелуіне, жылудың тұрақты берілмеуіне, резервтік энергия көздерінің және жөндеу материалдарының апаттық қоры болмауына, энергия құрал-жабдықтарының әбден тозуына, сондай-ақ өңірлерге көмірдің уақтылы жеткізілмеуіне қатысты деректер анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың есептеріне қарамастан, бірқатар нысан жылыту маусымына дайын болмай шықты, деп хабарлайды «Борт 1» телеграм-каналы.

Осыған байланысты Үкіметке анықталған барлық факті бойынша шаралар қабылдау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.

Сонымен қатар еліміздегі 37 жылу электр орталығының техникалық жағдайына кешенді талдау жүргізіліп, олардың қандай тәуекел топ санатына жататыны анықталды. 19 ЖЭО қауіптілігі жоғары «қызыл», 11 ЖЭО «сары» және 7 ЖЭО «жасыл» санатқа кірді.

Энергетикалық кешеннің тұрақты жұмыс істеуі үшін Үкімет пен әкімдіктерге мынадай шараларды қабылдау тапсырылды.

Шұғыл түрде:

- түйткілді жылу электр орталықтары мен жылу желілеріндегі жағдайды түзету үшін шұғыл шаралар жоспарын әзірлеу;

- «қуат нарығы» шеңберінде 2023 жылы ЖЭО-ларды жөндеу науқанын жүргізуге қажетті 90 миллиард теңгеге жуық қосымша инвестиция тартуды қамтамасыз ету;

- жылу энергетикалық компаниялардың өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысын орташа нарықтық жалақы деңгейіне дейін арттыруды қамтамасыз ету;

- жылу желілеріне техникалық аудит жүргізу және электр желілері активтеріне, соның ішінде оларды жекешелендірудің заңдылығы мен коммуналдық меншікке берудің тиімділігін тексеру;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды субсидиялау түрінде атаулы көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

- энергетикалық кәсіпорындардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің штатын күшейту.

Жүйелі түрде:

- энергетикалық нысандар қызметінің тәуекелдерін басқару ісін бағалауды жетілдіріп, объектіге шығатын нақты бақылау институтын енгізу арқылы қолданыстағы энергетикалық бақылау жүйесін күшейту;

- Энергетика  министрлігіне жылумен қамту саласында магистральді және таратушы жылу желілерін қадағалау функциясын беру;

- жылумен және электрмен қамтамасыз ету нысандарының жай-күйін шынайы бағалау үшін тәуелсіз техникалық аудит институтын енгізу;

- қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны және қаржыны  мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде әкімшілік айыппұлдарды өсіру арқылы энергетикалық кешен субъектілері мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін  күшейту;

- жылумен және энергиямен қамтамасыз ету субъектілеріне арналған өзара міндеттемелердің регламенттелуін заңнама деңгейінде қамтамасыз ету;

- тариф қаржысын мақсатқа сай пайдаланбаудың және капиталды сыртқа шығарудың алдын алу үшін энергетикалық кәсіпорындар мен табиғи монополия субъектілерінің сатып алуларына мемлекеттік бақылау орнатып, процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету.

Комиссия бірқатар энергетикалық кәсіпорынға қатысты қаржыны жылыстату, сондай-ақ қаражатты мақсатқа сай және тиімді пайдаланбау деректері бойынша жинақталған материалдарды фискалдық және құқық қорғау органдарына тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдады.

 






20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр